Қазақстандықтар «Таза бейсенбі» акциясына атсалысты

"Таза бейсенбі" жобасы жалғасын табуда. "AMANAT" партиясы қолға алған жаңа акцияға Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары да атсалысты. Туған жерді көркейту шарасына қатысқан ауыл халқы игі іске жұдырықтай жұмылды. Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданындағы орталық саябақты тазалау үшін 150-ден астам ауыл тұрғыны арнайы келген. Бірі шалғымен шөп шапса, енді бірі тал-теректердің түбін әктеп, тазалады. Қолға күрек ұстауға жарамды ауыл азаматтары туған жерді көркейту баршаға ортақ игі іс һәм перзенттік парызы екенін айтады. Сабырғали САМИЕВ, ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Бұл - үлкен шара, өйткені біз осы ауылда тұрамыз. Ауасын жұтамыз, суын ішеміз. Сондықтан да бізге ауылымыздың таза болғаны, көркейгені, күн сайын жақсарғаны өте маңызды. Азамат ТАҒАНИЯЗОВ,  "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:Алдағы уақытта да бұл шаралар жалғасын табады деп есептеймін. Жыл бойы жалғасады деп есептеймін. Себебі біздің ауылымыз, біздің ортақ үйіміз. Ал Шығыс Қазақстандағы Таврия ауылының маңындағы табиғи қоқыс алаңдарынан тонналап қоқыс шығарылды. Одан әрі бұл аумақ абаттандырылып, ағаштар егіледі. Сайрангүл ЖҰМАДІЛДАЕВА,  "АMANAT" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Негізі мақсатымыз - елімізде барлық табиғатты әсем ұстау. Одан кейін қоғамдағы вандализм көріністеріне жол бермеуге байланысты бірнеше жоспар жасадық. "Таза бейсенбі" жобасы Солтүстік өңірде де ұйымдастырылды. Мұнда да партия мүшелері, аймақ белсенділері мен еріктілер бірлесіп, облыстың түкпір-түкпіріндегі қоқыс алаңдарын тазалады. Біржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ СҚОФ ЖАСТАР РУХЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Таза бейсенбі акциясы бүгін бүкіл ел бойынша бастау алды. Әр апта сайын жүргізіліп отыратын болады. Жалпы облыс көлемінде қай жерде қатты қоқыстанған жерлер болса, біз соны барып, жүргізетін боламыз. Ескендір ЕЛЕУСІЗОВ,  СҚО АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Тазалық деп айтқанда әркімнің ең бірінші жүрегі таза болуы керек, сосын оның үйі, ауласы таза болуы керек. Сол уақытта көшесі таза болса, ол деген меніңше шама-шарқын патриот деуге болады ондай адамды. Аймақтағы игі шараға 800-ге жуық адам және ондаған бірлік техника жұмылдырылды. Бір күннің ішінде 100 тоннадан астам қоқыс жиналған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады
Полицейлер 2 шақырымнан астам браконьерлік ауды жойды – ШҚО
Париж-2024: Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті
Қайрат Нұртастың анасы: Екеуінің махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын
Белгілі ғалым Қаржаубай Сартқожа өмірден өтті
Абиба Әбужақынова ¼ финалда жеңіліп қалды
Балтық теңізінен шарап толы көне кеме табылды
Елдос Сметов Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты
Ақтауда кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Атырауда үш жасар бала субұрқақта қаза болды
Алматыда үш жасар бүлдіршін 13-қабаттан құлап кетті
Шымкенттегі индустриялдық аймақта күкірт өртеніп жатыр
«Сен оны аяғаныңмен, ол сені аямайды»: Қайрат Нұртастың анасы келіндері туралы айтты
Париж Олимпиадасы: Ресей спортшылары туралы
Елдос Сметов Олимпиаданың жартылай финалына шықты
Белгілі ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы өмірден өтті
Қаржаубай Сартқожаұлы өмірден өтті
"Құрамаға жігер бердіңіздер". Геннадий Головкин Олимпиаданың алғашқы жүлдегерлерін құттықтады
Еліміздегі фармацевтикалық компаниялар дәрі-дәрмек бағасын түсіруі мүмкін
Ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы дүниеден озды
«Жылап жібердім». Қазақстанға қола сыйлаған Исламның әжесі қуанышымен бөлісті
ХОК Олимпиада ашылуында Оңтүстік Кореяны Солтүстік Корея деп көрсеткені үшін кешірім сұрады
Ғалым Қаржаубай Сартқожа өмірден өтті
Ресей билігі ресейліктерді халықаралық төлқұжатсыз қалдыра ма?