Қазақстандықтар Түркияға демалысқа барудан бас тартып жатыр

Қазақстандықтандықтар Түркияға демалысқа барудан бас тартып жатыр. Туристік компаниялардың жазғы сатылым маусымы басталды, алайда Анадолы еліне сапарға аттанушылардың қарасы азайған. Мамандар бұл құбылысты Түрік лирасының құлдырауымен байланыстырып отыр.Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Қазір Түрік лирасы тарихи ең төмен деңгейде тұр, бір доллар 20 лирға шығады . Бұл бауырлас ел үшін қиын өзгерістерге алып келуі мүмкін. Себебі барлық салаларда қызмет көрсету құны айтарлықтай қымбаттап, ал жалақы керісінше төмендеген көрінеді. Сондай-ақ туризм саласының мамандардың айтуынша, Жерорта теңізінің жағалауында демалғысы келетіндер саны азайып бара жатыр. Себебі турпакеттің де бағасы биыл екі есе көтерілген. Замира ХАСЕНОВА, ТУРИСТІК КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ: Соңғы 2-3 жылда байқағанымыз бойынша, Түркия бұрынғыдай бюджеттік демалыс өткізетін елдер қатарына жатпайды. Біздің отандастарымыздың арасында ең сұранысқа ие бағыт болғанымен, қонақ үйлер қатты қымбаттап кетті. Сондықтан жыл сайын Түркияға демалысқа баратын отбасылар қазір басқа бағыттарды қарастырып жатыр. Түрік елінде жыл сайын қыңтар айында ең төменгі жалақы мөлшері өседі. Қазір ол 8500 лира, біздің теңгеріммен 184 мың теңге. Алайда бұл жалақыны бір айға жеткізу қиын көрінеді. Отандасымыз Алина 4 жыл бұрын Стамбулға оқуын жалғастыру үшін аттанған. Қазір Түрік елінде тұратын жас маманның айтуынша, түрік лирасымен жалақы алатындардың тұрмысы қиындап кеткен. Алина ДЕМОКРАТОВА, СТАМБУЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Түрік елінің экономикасы осыдан 3-4 жыл бұрынғы жағдайға қарағанда өте үлкен айырмашылығы бар. Түркияның экономикасының әлсіреуі қатты сезіліп жатыр. Өйткені түркия лирасымен жалақы алатын адамдардың қазіргі сатынау күші өте төмендеді. Әсіресе далада тамақ ішу, киім-кешек, азық-түлік, жалдамалы пәтерлердің бағасы қатты өсті. Ал бұл біздің экономикаға қалай әсер етеді? Нұржан ӘБДІРАЗАҚ, ЭКОНОМИСТ: Әрине біз Түрік Республикасымен тығыз қарым қатынастағы, үлкен стратегиялық әріптес мемлекет ретінде бұл елдің ішінде болып жатқан экономикалық жағдай тура болмаса да, жанама деңгейде экономикамызға әсер етуі мүмкін. Ол экономикалық алыс-берісте, туризм саласында, және де сауда саттық айналасында көптеген әсерлері бар болуы мүмкін Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Астана телеарнасының Оралдағы меншікті тілшісі, әріптесім Еркін Карин қазір Анадолы елінде демалып жатыр. Түркиядағы жағдай туралы оның да айтары бар, Еркін, сөз сізде.... Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Сәлем, Әйгерім. Биыл да нәсіп етіп, түрік еліне табан тіредік. Жақында президентін сайлаған елде қымбатшылық біртіндеп күшейіп жатыр. Мұны тұрғындар да, туристік сала өкілдері де жасырмайды. Әсіресе азық-түліктің бағасы өскен. Мысалы, оралдықтарға қазір жеңсік саналатын қауын-қарбыздың келісі 1 доллардан. Бізде де осы бағам. Лираның әлсіреуі мұндағы демалушыларға әзірге ыңғайлы болғанымен, бағаның өсуі мүмкін. Перизат Ихсанова, ТУРИСТ: Түркия мемлекетіне жиі саяхаттап келемін, осы жолы лира өте қатты төмендеген екен. Жергілікті тұрғындарға өте қатты әсер етуде. Ал біздер үшін, шетел азаматтары үшін ешқандвй әсер еткен жоқ. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Қазір біз Анталия әуежайындамыз. Бағытымыз - Ыстамбұл. Мұндағы бағаның қаншалықты өзгергенін толығырақ тағы да баяндайтын боламыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
«Нәтиже жоқ»: Полиция Шерзат Полаттың үйін өртеген адамдарды әлі таппаған
Жамбыл облысындағы шалғай ауылда жаңа мектеп ашылды
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Ақмолада туыстарының атына несие ресімдегендер анықталды
Алты өңірде жүргізушілерге ескерту жасалды
Асқазанда үрленетін баллон артық салмақтан арылуға көмектеседі
Оқушыларымыз IJSO халықаралық олимпиадада 100% нәтиже көрсетті
«AMANAT»: Сыр өңірінде 106 отбасы баспаналы болды
Түкіру, мұғалімді балағаттау. 1 қаңтардан бастап айыппұл қанша теңгеге өседі?
«Жұмыстың қиындығы білінбейді» – қар тазалаушы Қарлығаш апай
Доллар, еуро, рубльдің 12 желтоқсандағы бағамы қандай?
Танымал әншіге сүйіктісі Қытайда үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)
2025 жылы декреттік төлем қалай өзгереді?
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Құтқарушылар астаналықтарға ескерту жасады