Тұз көптеген тағамдардың және әртүрлі елдердің мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Алайда, соңғы зерттеулерге сәйкес, қазақстандықтар денсаулықты сақтау үшін ұсынылатын нормадан тұзды төрт есе көп тұтынады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген тұздың ұсынылатын мөлшері - күніне 5 грамм, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Қазақстанда тұзды көп тұтынудың негізгі себептерінің бірі ет және сүт өнімдерін сақтау мен дайындаудағы мәдени және ұлттық дәстүрлер болып табылады.Зерттеу көрсеткендей, тіпті бірқатар тағамдардың бір порциясында ДДҰ ұсынған тәуліктік тұтыну мөлшерінен асатын немесе оған тең мөлшерде тұз болуы мүмкін (яғни, мұндай өнімнің бір порциясын жеген адам бір тағамда ұсынылатын тұздың көп мөлшерін алады).Тамақ пісірген кезде тамаққа қосатын дәмдеуіштердің мөлшерінен басқа, сіз супермаркеттен дайын сатып алынған өнімдерде: нан, ірімшік, тұздық, жартылай фабрикаттар, бекон, ветчина және шикідей ысталған шұжық сияқты ет өнімдері, тұзды снек, тез дайындалатын кеспелерде және т.б. болатын тұзды да тұтынасыз.Кеңінен танымал болған тағамдарды жеткізу туралы қолданбаларда ұсынылатын тағам құрамында калория, қант және қаныққан май сияқты тұздың көп болуымен де ерекшеленеді.Тұзды шамадан тыс тұтыну қан қысымының жоғарылауы, жүрек-қан тамырлары аурулары, остеопороз, артық салмақ/семіздік, II дәрежелі қант диабеті және онкологиялық аурулардың кейбір түрлері сияқты бірқатар денсаулық мәселелеріне әкелуі мүмкін.Статистика көрсеткендей, жүрек-қан тамырлары аурулары Қазақстандағы өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып табылады. Сондықтан тұзды тұтынуды бақылау қоғамдық денсаулық сақтау саласының маңызды аспектісі болып саналады.ДДҰ деректері бойынша, тұзды тұтынуды азайту әлемдегі 8,5 млн мезгілсіз өлімнің алдын алуға және алдағы 10 жылда адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатының артуына мүмкіндік береді.Тұзды тұтынуды дұрыс бақылау үшін оны тамақ дайындау кезінде емес, дайын болған кезде қосу қағидасын қолға алу ұсынылады. Күніне 5 грамм (1 шай қасық) норманы ұстаныңыз. Тұз мөлшерінің аз болуынан тамақтың дәмін кетірмеу үшін дәмдеуіштерді қолданыңыз (лимон шырыны, сарымсақ, имбирь, бұрыш және т.б.).Технологиялық өңдеу дәрежесі төмен балғын тамақ өнімдерін көбірек пайдаланыңыз.Коммерциялық тұздықтарды, асқа қосатын қоспаларды және тез дайындалатын өнімдерді, технологиялық өңдеуден өткен тағамдарды (бекон, ветчина және шикідей ысталған шұжық, тұзды снек, тез дайындалатын кеспе және т.б.) пайдалануды шектеңіз.Тамақ дайындау кезінде натрийге бай ингредиенттерді/тұзды пайдалануды азайтыңыз немесе алып тастаңыз. Тамақ ішетін үстелге тұз салғышты қоймаңыз.Жаман әдеттерден бас тартып, маркетинг фишкалары мен азық-түлік жарнамаларына берілмей, салауатты өмір салтын ұстаныңыз.