FlyArystan әуе компаниясының жолаушылары Мумбайдан Алматыға ұша алмай қалды. Оқиғаның себебін Zakon.kz біліп көрді.Қазақстандық Telegram-каналдардың бірінде ұшақтың кешігіп, бұған жолаушылардың шағымданып жатқаны туралы ақпарат пайда болды. FlyArystan хабарлауынша, KC7858 Мумбай-Алматы рейсі техникалық себептерге байланысты кейінге қалды. "Ұшақ 2024 жылғы 1 наурызда сағат 03:30-да ұшуы мүмкін. Әуе компаниясының өкілдері жолаушыларды қонақүйге орналастырды".FlyArystan баспасөз қызметі Сондай-ақ жолаушыларға қонақүйде ыстық тамақ беріледі. Сонымен қатар, әуе компаниясы аяқ асты болған өзгерістер үшін кешірім сұрады.