Қазақстандықтар үшін Оңтүстік Кореяда жұмыс визасы ашылуы мүмкін

Енді қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істеуіне жол ашылуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екі ел арасында осы бағытта келіссөз өткенін мәлімдеді. Корея еңбек мигранттарын арнайы жүйеге кірген мемлекеттерден ғана қабылдайды. Қазақстан 17-ші болып аталмыш келісімшартқа қол жеткізуді көздеп отыр. Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, қазір Кореяда 8 мыңдай отандасымыз жан бағып жүр. Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ: Қазақстанда интеллектуалды қызметпен айналысқандар Кореяға барып қара жұмысқа жегіліп жүр. Ауыр жұмыс режимі де, денсаулыққа төнетін қауіп те заңсыз еңбек мигранттарына тосқауыл емес. Бәрін қызықтыраны – жоғары жалақы. Мәселен, біздің елдегі мұғалімнің бір жылдық табысын Кореядағы қара жұмысшы бір айда табады. Бейресми дерек бойынша, қазір 20 мың отандасымыз шығыс Азия елінде күнелтіп жүр. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Өлместің күні ғой бұл жақта басқа не бұл жерде. Жұмыстары қиын, қарындас. Жұмыстары ауыр. 6,5 жылда біраз денсаулықты бердік. - Сторйкада жұмыс жасаймын қазір. Айлық табысым 1 млн 200 теңгемен. - 4,5 жыл, 5 жыл сондай болды. Мен заводта жұмыс жасаймын. 1 млннан астам Қазақстан мен Корея арасында 2014 жылдан бері 30 күндік визасыз режим бар. Ал біздің азаматтар турист ретінде барған сыңай танытып, артынша елге осылай оралмай, заңсыз еңбек етеді. Тиісінше медициналық сақтандыру, еңбек келісімшарты атымен жоқ. Ешқандай құқығы қорғалмаған. Ибахан МҰХТАР, КОРЕЯДАҒЫ ҚАЗАҚ АЛЬЯНС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл жақта орта есеппен 700-800 мың теңгеден басталып, 1,5 млн теңгеге дейін барады. Ол жұмыстың жеңілдігі мен ауыртпашылығына байланысты. Және бір айтарлығы бұл жақта жұмыс оңай емес. Үстіңіз кір болады. Терлейсіз, зауыттарда 12 сағат бойы тұрып жұмыс істейсіз. Депутат Нартай Аралбайұлы шет елде жан бақсам деп аттанған ұл-қыздардың құқығын ресми қорғауды Мәжілісте алғашқылардың бірі болып көтерді. Айтуынша, мемлекеттік органдар бұған дейін Кореямен осы бағытта нәтижесіз 7 келіссөз жүргізген. Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Қазақ айтады «Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?дейді. Бұл да болса біздің еліміздегі әлеуметтік тұрғыда азаматтарымыздың қорғалмағаны, жалақының төмендігінің, азаматтарымыздың жағдайының өте қиын екенін білдіреді. Аталған еңбекке рұқсат беру жүйесіне тіркелгенше өзге елдердегі әзірге ең болмағанда уақытша орталықтар құрайық. Министрлік өкілдері келіссөз Корея үкіметінің қарауында жатыр дейді. Рұқсат берсе, жұмысшыларды талап бойынша қабылдайды. Әміржан ТӘЖІБЕКОВ, ҚР ЕХӘҚМ КОМИТЕТІНІҢ САРАПШЫСЫ: EPS системасы талабының бірі біздің елде медициналық тексерістен өту, біліктілігін арттыру немесе біліктілігін сәйкестігін тексеру, сонымен қатар корей тілін білуі. Жұмыс визасы 3 жылға дейін беруі мүмкін, дейді министрлік өкілі. Жұмыс беруші қаласа, мигранттың уақытын тағы 1 жылға созуға болатын көрінеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді