Қазақстандықтарға 100 мың теңгеден өтемақы берілетіні туралы тағы бір фейк тарады

Алаяқтар "Қазақстандықтарға 100 мың теңге төленетіні" туралы фейк ақпаратты тағы да тарата бастады, - деп хабарлайды stopfake.kz.Facebook-те қазақстандықтарға мемлекеттен 100 мың теңге мөлшерінде өтемақы төленетіні туралы жарнамалық ақпарат тағы да шықты. Яғни, бұрын төленген қаражат қайтарылады, бірақ қандай қаржы екені нақтыланбайды."Бұл хабарландыру – фейк. Бұл – белгілі алаяқтық схема. Адамдардың ақшалай қаражатына қол жеткізу үшін алаяқтар Facebook-те Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан парақша ашқан. Онда ведомство жаңалықтары да, пайдалы ақпарат та жоқ", - делінген ақпаратта.ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайтында әрбір қазақстандыққа 100 мың теңгеден өтемақы төленетіні туралы ақпарат жоқ. Ведомствоның Faceebok және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында да мұндай жаңалық жоқ.Жарнамада келтірілген сілтеме арқылы өткенде белгісіз сайт ашылады. Онда төлемді алу үшін өзіңіз туралы ақпаратты толтыру қажет. Осылайша, алаяқтар сеніп қалған пайдаланушылардың банктік шоттарындағы ақшаны ұрлау үшін жеке деректерді біліп алады."Адамдарды жаңылыстыру үшін алаяқтар жарнаманың астына пікірлер де жазған. Онда қазақстандықтар төлемдерді алғаны туралы айтқан. Алайда парақшаларды мұқият қарасақ, олардың бір күндік аккаунттар екенін түсінеміз. Бұл әдейі теріс пиғылмен жасалған. Парақшаларда белсенділік жоқ және бір-екі сурет қана бар. Демек, жарнаманы алаяқтар адамдарды алдау үшін шығарған. Тек тексерілген ақпарат пен ресми дереккөздерде орналастырылған хабарламаларға ғана сеніңіздер", - делінген ақпаратта.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек күтпеген сенсациямен аяқталды
Алматы облысында сауда мен экспорт рекорд орнатты - облыс әкімі
Gucci, Chopard, Cartier: Перизат Қайраттан тағы не тәркіленді?
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн