Қазақстандықтарға еңбек құқығын қорғау мәселелері бойынша кеңес беріледі. Мұны «Әділет және өркендеу» қоғамдық қоры жүзеге асырмақ. Тұрғындар қоғамдық қабылдау бөлмелеріне кез-келген түйткілді мәселемен жүгіне алады. Еліміздегі үш мегаполис және Ақтөбе, Түркістан облыстарында олар жұмысын бастады. Өңірлерді дамыту мәселелері де осы қабылдау орнында талқыланады. Белсенділер өз ұсыныстарын Үкіметке жеткізуге уәде беріп отыр. Әдемі-ау ТҰРДЫБАЙҚЫЗЫ, «ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БЕЛСЕНДІСІ: Біз жергілікті жерде тиісті мамандарды шақыра отырып, қабылдауға келген әрбір тұрғын, әрбір еңбеккердің егер мәселесі болатын болса бірінші жергілікті жерден сала мамандарын тарта отырып, шешу жолдарын ұсынамыз. Ал күрделі дүниелерді жергілікті билікке одан ары қарай осы ретпен шешімі табылғанша біз қолдау көрсетеміз.