Қазақстанға әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеу басталды

ІІМ 17 шілдеден бастап бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған немесе шектеулерге байланысты заңдастырылмаған, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстан Республикасына әкелінген автокөліктерді бес жылға уақытша тіркеу жұмысын бастады.Осылайша, азаматтарға автокөліктермен туындаған заңды мәселелерді шешу және оларды құқықтық салаға»енгізу үшін уақыт беріліп отыр. Уақытша тіркеу үшін көлік құралдарының иелері «уақытша тіркеу» тізіміне автокөліктің VIN-кодын енгізу үшін өтінішпен және растайтын құжаттарымен әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығына жүгінуі қажет. «Уақытша тіркеу» тізіміне енгізгеннен кейін көлік құралының иесі электронды үкімет порталы арқылы көлікті тіркеуге өтінім береді. Содан кейін 10 минут ішінде автоматты түрде тексеру жүзеге асырылады. Оң нәтиже болған жағдайда көлік иесінің жеке кабинетіне сәтті тексеру туралы және Мемлекеттік корпорация жанындағы тексеру пунктіне көлік құралын ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі. Тексеру пунктінде криминалист 15 минут ішінде көлік құралының нөмірлік агрегаттарын салыстырып тексереді. Тексеру нәтижелері оң болған кезде көлік иесі электрондық кезек бойынша Мемлекеттік корпорация қызметкеріне автокөлікті тіркеуге құжаттарды тапсыру үшін жолданады, ол жерде мемлекеттік нөмір(9 660 тг) мен мемлекеттік тіркеу құжаты (4 313 тг) үшін мемлекеттік баж төлеп, көлік құралын бес жылға тіркеу, сонымен қатар көрсетілген мерзім өткеннен кейін оны кері әкету туралы міндеттемеге қол қояды. «Атап өту қажет, тіркеу құжаттарының түпнұсқалары және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері көлік құралының тіркелген жері бойынша Мемлекеттік корпорация филиалында уақытша тіркеу мерзімі өткенге дейін сақталады, – деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Алтынбек Жамалиев. Тіркеу туралы куәліктің айрықша белгісінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу және иеліктен шығару құқығынсыз деген жазба, тіркеудің қолданылу мерзімі, сондай-ақ автокөліктің бұрынғы шетелдік иесінің деректері көрсетіледі. Уақытша есепке алу мерзімі өткеннен кейін көлік құралына қатысты мемлекеттік тіркеу автоматты түрде тоқтатылады. Егер Қазақстан азаматтары аталған автокөліктерді елден тыс жерлерге әкетуге шешім қабылдаса, олар Қазақстан Республикасының тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлерін тапсыруға тиіс, содан кейін оларға шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері қайтарылатын болады. Егер автокөліктер бұрынғы тіркелген елінде есептен шығарылса және қазақстандықтар оларды елде тіркеуді жүзеге асыру туралы шешім қабылдаса, онда оларға 200 000 теңге мөлшерінде бастапқы тіркеу алымын төлеумен және утилизациялық алымсыз заңдастыру шарттары қолданылатын болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
XXXII қысқы универсиада: Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны жеңді
Реал – Барселона – 2:5 шолу видео
Биіктегі батылдық: Яан Роозе тағы таңғалдырды
Мүшел жас несімен қауіпті? Этнограф мүшел ұғымы жайлы көп білмейтін құпияны ашты
13 қаңтарда ауа райы қандай болады
Испания Суперкубогы финалында “Барса“ “Реалды“ ойсырата ұтты
Францияда екі пойыз соғылып, 20 адам зардап шекті
Хабиб Нурмагомедов стюардессамен сөзге келіп қалған соң рейстен қуылды (ВИДЕО)
«Қайрат қызғанбай ма екен?». Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы көпшілікті ойландырып қойды
Неліктен целлюлит әйелдерде жиі кездеседі?
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: Оқушыларға сабақ берген 93 жастағы кейуана көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
Сочиде бір күнде екі рет жер сілкінді
Еліміз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
СҚО-да жеке үйлердің бірінен өрт шықты
Қыста балық аулағандарға қандай жағдайда айыппұл салынады?
Ақтауда жеңіл көлік ойын алаңына соқтығысып, кішкентай баланы қағып кетті (ВИДЕО)
Актер Рүстем Жаныаманов Інжілді қазақша дыбыстауына не себеп болғанын түсіндірді
Жамбыл облысында сиыр құдыққа түсіп кеткен
Әзербайжан қызы Ақтаудағы ұшақ апатына ән арнады
Қазақстан және Қырғызстан стратегиялық диалогты нығайтады
Сандуғаш Кенжебаева Антальядағы жарыстың жеңімпазы атанды
XXXII қысқы универсиада: Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны жеңді
Париж Олимпиадасында жүлде алған түрік мергені сұхбат үшін қомақты сома сұрады