Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салынды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан аумағына автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салатын бұйрыққа қол қойды.«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-Қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 100119; 100199) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген министр бұйрығында. Бидай импортына тыйым салу нарық қатысушыларының – фермерлердің, саудагерлердің, ұн тартушылардың ұсынысымен енгізілген. Оған Ресей бидайының Қазақстанға көбінесе қосымша құн салығы төленбей, контрабандалық жолмен тасымалданатыны себеп болған. Импорттық астық шаруа қожалықтары арқылы заңдастырылып, Орталық Азияға қайта экспортталады, бұлөз кезегінде қазақстандық заңды бидайдың бағасын төмендетеді. Eurasian Agricom конференциясында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Ресейден жеткізілген бидайдың жалпы көлемі қазірдің өзінде 2 миллион тоннадан асып кеткен. Алайда бұл шешімді шағын астық өңдеушілер сынға алып, теміржол арқылы астық әкелуге мүмкіндігі жоқ екенін, ірі кәсіпорындармен тең жағдайда тасымалдаудың қиын екенін айтады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды