Қазақстаннан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (IOS) қолдауымен жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмегін жеткізді. Қазақстан, негізінен мемлекеттік резервтен бөлінген азық-түлік, жылы киімдер, шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтарын жіберді.Көмек Алеппо қаласына ҚР Ұлттық ұланының төрт рейсімен жеткізіліп жатыр. IOFS бас директоры Ерлан Байдәулет ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүктердің жеткізілуін бақылау үшін Сирияға жекелей өзі ұшып кетті.Алеппо әуежайында Сирия тарапына тиісті көмекті тапсыру рәсіміне Алеппо губернаторының орынбасары Абдель Кадер Дауалиби, Алеппо әуежайының директоры Мұхаммед әл-Масри, Сирияның Қызыл Жарты айы ұйымының өкілдері Самир Шубуки, Ахмад Самун, Анас Самаа, сондай-ақ Қазақстанның Ливандағы елшісі Расул Жұмалы қатысты. Алеппо губернаторының орынбасары Абдель Кадер Дауалиби қабылдаушы тараптың атынан сөз сөйлеп, Қазақстан халқына зор алғысын білдірді. Оның айтуынша, ауыртпалықты бөлісіп, қиын сәтте көмек қолын созған қазақ халқының көмегі ешқашан ұмыт болмайды. "Сириядағы, Түркиядағы және басқа елдердегі жер сілкінісінің барлық құрбандарының отбасыларына көңіл айтамын. Біздің команда жағдай тез арада шешіледі деп үміттенеді және құтқарушыларға қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіреді", - деді IOFS бас директоры Ерлан Байдәулет

Читать источник astanatv.kz/kz/
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды