Қазақстаннан Түркияға тағы екі ұшақ гуманитарлық көмек жеткізіледі

Елордадағы елшілікте өткен брифингіде Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи Қазақстан тарапынан қандай гуманитарлық көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан Үкіметі ұсынған 55 тонна гуманитарлық көмек өткен демалыс күндері жер сілкінісі болған аймақтарға жеткізілді. Біздің елшілік пен бас консулдыққа еріктілер әкелген жүктер елімізге жіберілді және апаттан зардап шеккендерге табысталды. Жиналған қосымша гуманитарлық көмек ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұлан бөлген ұшақтармен біздің елге жеткізіледі. Бүгін Астанадан дәл осы Ұлттық ұланға тиесілі алғашқы ұшақ ұшып шықты. Ертең Алматыдан тағы бір ұшақ Түркияға жіберіледі. Осы заттарды қосқанда Қазақстаннан 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтіледі», - деп тоқталды Уфук Екиджи. Ол қазіргі таңда зілзаладан зардап шеккен 1,6 млн Түркия азаматының баспана мәселесі шешілгенін мәлімдеді. Сонымен қоса, бүгінге дейін жер сілкінісінен қираған және құлау алдында тұрған 156 мың ғимарат анықталған. Бұған қоса, Түркия халқы жетім қалған балаларды асырап алуға ниет білдіріп жатыр. Еске салайық, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан Қарулы Күштері ұшқышсыз ұшу аппараттарын өрістетуде
«Барыс» жанкүйерлері басшылардың кетуін талап етуде
Станислав Черчесов Ақтаудағы әуе апатына қатысты пікір білдірді
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды