Қазақстанның аумағынан малдық кейбір түрлерін сыртқа шығаруға шектеу енгізілмек, бұл туралы kaz.zakon.kz жазды. Яғни, 30 маусымнан бастап ұсақ малды шығаруға алты айға тыйым салынады. Шектеуді енгізіп отырған – Мемлекеттік кірістер комитеті. Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 30 маусымнан бастап 60 мың торпақ, 120 мың бас еркек тоқты және ешкілерді ел аумағынан шығаруға болмайды.