Қазақстанның 14 өңірінде негізгі ҰБТ басталды

Бүгін еліміздің 14 аймағы үшін негізгі ҰБТ басталды, тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады. Ал су тасқыны болған 6 өңірде ҰБТ 25 мамырда басталады.Атап айтқанда, төтенше жағдай режимі жарияланған Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелу уақыты 20 мамырға дейін ұзартылды, ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі. «Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсырушылар саны 20 мыңға артқан, оның бір себебі – елімізде демографияның өсуі болса, екінші себебі – жұртшылықтың тестілеуге сенімінің артуы. 2023 жылы 162 мың талапкер ҰБТ-ны 291 мың рет тапсырған еді. Ал биыл 181 мың талапкер тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Екі мүмкіндікті есепке алғанда, қазіргі таңда 330 мыңға жуық өтініш қабылданды», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов Орталық коммуникациялар қызметінде. ҰБТ жылына 5 рет өткізіледі: үш рет – ақылы негізде. Ал негізгі ҰБТ негізінде талапкерлер гранттар беру конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады. «Бір мезгілде 5 172 компьютер тестілеуді өткізуге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары ҰБТ электронды форматта өткізіледі. Бұл түлектерге тестілеу нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді», - деді спикер. Талапкерлердің басым бөлігі – 75%-ы емтиханды қазақ тілінде тапсыруды таңдаған. 25%-ға жуық тестіленуші орыс тілін, 221 адам ағылшын тілінде тест тапсыруды ұйғарған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ресей кемесі Финляндиямен шекараны бұзды деген күдікке ілінді
«Арамызға іріткі салатындар көп»: Жұлдызай Дүйсенбиева отбасы туралы айтты
Алматыда облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Қайрат Нұртастың анасы: Екеуінің махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын
«Сен оны аяғаныңмен, ол сені аямайды»: Қайрат Нұртастың анасы келіндері туралы айтты
Париж Олимпиадасы: Ресей спортшылары туралы
Белгілі ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы өмірден өтті
Қаржаубай Сартқожаұлы өмірден өтті
"Құрамаға жігер бердіңіздер". Геннадий Головкин Олимпиаданың алғашқы жүлдегерлерін құттықтады
Еліміздегі фармацевтикалық компаниялар дәрі-дәрмек бағасын түсіруі мүмкін
Ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы дүниеден озды
«Жылап жібердім». Қазақстанға қола сыйлаған Исламның әжесі қуанышымен бөлісті
ХОК Олимпиада ашылуында Оңтүстік Кореяны Солтүстік Корея деп көрсеткені үшін кешірім сұрады
Ғалым Қаржаубай Сартқожа өмірден өтті
Ресей билігі ресейліктерді халықаралық төлқұжатсыз қалдыра ма?
Атақты түркітанушы-ғалым өмірден өтті
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди тамыз айында Украинаға барады
ТМД елдерінің бірінде теракт жасамақ болған
Абиба Әбужақынова ширек финалда жеңіліп қалды
Сомнолог: Уақыт белдеуі өзгерісіне қалай жеңіл бейімделуге болады
Белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы өмірден өтті
Абиба Әбужақынова жартылай финалға шыға алмады
Абиба Әбужақынова жартылай финалға шыға алмады
Қостанай облысында жер сілкінісі тіркелді