ҚР Ұлттық статистикалық бюросы бес бала Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанғанын мәлімдеді.Статистика бюросы 2023 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллион адамға жеткенін атап өтті. "20 миллионыншы азаматтың туған күні барлық қолда бар демографиялық деректерді, яғни Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген және одан шыққан, туғандар мен қайтыс болғандардың санын ескере отырып айқындалды". ҚР Ұлттық статистика бюросы Бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделетін әрі көп уақыт алатын. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы бұл процесті жеделдетуге және 20 миллионыншы азаматтың туған күнін жоғары дәлдікпен және қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік берді. "Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар". ҚР Ұлттық статистика бюросы Ведомство 1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 млн адам болғанын еске салып өтті. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3% өсті. Мәселен, 2022 жылы 1991 жылмен салыстырғанда туу саны 353,2 мыңнан 403,9 мың адамға дейін немесе 14,7% өсті. Бала туудың ең жоғары мәні 2021 жылы тіркелді, сол жылы 446 мың бала дүниеге келді.