Қазақстанның балық өнімдері Еуропа елдеріне экспортталады

Бүгіннен бастап Еуропалық комиссия қазақстандық балық кәсіпорындарын өз өнімдерін Еуропалық Одақ елдеріне экспорттауға құқығы бар компаниялар тізіміне енгізу рәсімін қайта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне казақстандық ветеринариялық бақылау жүйесіне деген сенімді қалпына келтіру туралы тиісті хат жолданды. Осылайша, өз өнімдерін ЕО-қа экспорттауға құқығы бар отандық кәсіпорындардың тізімі кеңейтілетін болады. Бүгінгі таңда тізілімде 17 қазақстандық компания бар. Айта кетейік, 2018 жылы Еуропалық комиссия балық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға аудит жүргізді. Оның қорытындысы бойынша 11 ұсыныс берілді, оның ішінде елдің ветеринарлық қызметін бақылау бойынша ұсыныс бар. Кейін қазақстандық тарап ұсынымдардың орындалуы туралы егжей-тегжейлі есеп жолдады. Қазақстанмен қарым-қатынасты одан әрі нығайту және ЕО елдеріне экспортталатын өнімдердің тізімін кеңейту аясында Еуропалық комиссия болашақта еуропалық нарыққа шығаруға болатын бал өнімі бойынша сауалнама жіберді. Естеріңізге сала кетейік, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Брюссельге сапары аясында еуропалық комиссарлармен кездескен болатын. Келіссөз барысында АШМ басшысы Қазақстанның жоғары сапалы органикалық азық-түлік жеткізушісі болу мүмкіндігі туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Еуроодақ елдеріне отандық ет, сүт, құс және балық өнімдерін экспорттау туралы сөз қозғалды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Ресми: Астанада Лос-Анджелес Олимпиадасы алдында бокстан әлем чемпионаты өтеді
Роза Рымбаева Абай облысының Құрметті азаматы атанды
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Президент тапсырмасы: Жас ғалымдарға пәтер берілді
Павлодар облысында полицейлер инсульт алған әйелді құтқарды