Елімізде дауылдық ескерту жарияланды. Метеорологтардың болжамынша, 30 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде боран жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайты. Метеорологтардың болжамынша, 30 желтоқсаннан бастап Астанада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады, кей уақытта екпіні 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал. Алматыда түнде және таңертең тұман сақталады, Шымкентте де кей жерлерде тұман түседі деп болжанып жатыр. Жамбыл облысында түнде таулы аудандарда қатты қар, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында әрі таулы аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін, кейде 23-28 м/с дейін күшейеді деген болжам бар. Ал Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі әрі оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел жылдамдығы – 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Маңғыстау облысының батысы мен орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік-батысы мен батысында, орталығында әрі солтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. Түркістан облысында таулы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте, орталықта, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыс солтүстігі мен таулы аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың батысы, солтүстігі, орталығында, күндіз шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, батыста, солтүстікте, орталықта, күндіз облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыс батысы мен солтүстігінде, шығысында тек көктайғақ болады. Атырау облысында түнде және таңертең оңтүстікте, шығыста тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыс солтүстігі мен оңтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Ақмола облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады деген болжам бар. Оңтүстік-батыстан жел соғады, ал батысы, солтүстігі әрі шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, кей жағдайда 23-28 м/с күшеюі мүмкін. Түнде Қостанай облысының батысы, оңтүстігі, шығысында, ал күндіз басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Жетісу облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыс оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оған қоса оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік-шығысында, орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, ал Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 18-23, кей уақытта 23-28 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, ал түнде жел екпіні 23-28 м/с дейін жоғарылайды деген болжам бар. Алматы облысында түнде және таңертең кей уақытта катты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батыс пен батысында, шығысы мен орталығында және таулы аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с болады, екпіні 23-28 м/с жетеді.