«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 22-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігіне Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық ағындар әсер етеді. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жаңбыр, батысында, солтүстік-батысында, таулы аудандарда қатты жауын, қар (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстігінде желдің күгі секундына 23-28 метге, кей уақыттарда екпіні 30 м/с-ке жетуі мүмкін.