"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, 20 ақпанда республиканың басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.20 ақпанда Скандинавия циклоны ойпатының және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады – бұрқасын, батыс облыстарда және кей жерлерде қар жауады, оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Ауа райы болжамына сәйкес, тек республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды. Астанада кей жерлерде боран соғады. Жолдар көктайғақ болады. Таңертең және күндіз оңтүстіктен соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде аздаған бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, батыстан оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда: 20 ақпанда кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырауда: 20 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде баяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Батыста, облыстың солтүстігінде оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстікте, батыста, облыс орталығында тұман күтіледі. Ақтауда: 20 ақпанда тұман күтіледі. Солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында баяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікте, шығыста оңтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында екпіні секундына 15 метр болады. Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Тау асуларында оңтүстіктен соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысының шығысында түнде баяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда 20 ақпанда күндіз қарлы боран күтіледі.