Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Kazinform.Астанада 22 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с-ке жетеді. Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жауын жауады (көбінесе жаңбыр түрінде). Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың басым бөлігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с. 22 қазанда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын жауады (жаңбыр, қар). Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстік-батысында, орталығында екпіні 23 м/с-ке жетеді. Ақтөбеде 22 қазанда желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. 22 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с –ке жетеді. Оралда 22 қазанда жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын жауады (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күннің аяғында облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Көкшетауда 22 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. Күннің аяғында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 22 қазанда түнде және таңертең Манғыстау облысының батысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 22 қазанда күндіз Түркістан облысының солтүстік, батыс, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Шымкентте 22 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Түркістанда 22 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. 22 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. 22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады облыстың басым бөлігінде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда 22 қазанда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с күтіледі. 22 қазанда күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Қызылордада жел оңтүстіктен соғады, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с. 22 қазанда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 22 қазанда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с-ке жетеді. Қостанайда 22 қазанда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. 22 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жауын жауады (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. 22 қазанда күндіз кей уақытта Ұлытау облысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с-ке жетеді. Жезқазғанда 22 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 22 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с-ке жетеді. Қарағандыда 22 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Талғардағы жағдай: Шерзаттың әкесі мен туыстары жауапқа тартылды
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан жеңіліп қалды
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді
Президент Хелен Кларкты қабылдады
«Өндіруші» өз өнімдерімен елді қуанта алмай қалды
Қазақстанда «100 медиативті мектеп» жобасы іске қосылды
Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы апатты жағдайдағы ағаштардың орнына ірі көшеттер отырғызылады
«Алматы» спорт клубының спортшылары Х Азия Тынық мұхиты ойындарында 12 медаль жеңіп алды
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында алтын медаль алды
Заң – үлкен-кішіге ортақ
Қазақстанда 108 жастағы сиырлар пайда болыпты
Су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алады
Смайылов субсидия қаржысы қалай ұрланатынын айтты
Алматыда демалыс жәрмеңкелері жаңарды
Ел игілігі үшін атқарылған өмірлік еңбек
Х Азия Тынық мұхиты ойындарында есту қабілеті нашар адамдар арасында бақ сынаған қазақстандық спортшылар 66 медаль жеңіп алды
Білім саласын цифрландырудың тиімділігі
Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атана алмады
Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан аса алмады