Қазақстанның мұнай-газ саласында 800-ге жуық артық талап қысқарады

Қазақстанның мұнай-газ саласында 800-ге жуық артық талап қысқарады

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында мұнай-газ саласын дамытудың өзекті мәселелері мен жоспарлары талқыланды. Бұл туралы  Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.Отырысты ашқан Үкімет басшысы мұнай-газ өнеркәсібі ел экономикасының негізгі салаларының бірі болып қала беретінін атап өтті. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі үш жарым еседен астамға, яғни жылына 25 млн тоннадан 90 млн тоннаға дейін өсті. ОПЕК деректері бойынша, Қазақстан бүгінде мұнайды ТОП-10 экспорттаушының қатарына кіреді. «Жалпы, елімізде мұнай-газ саласы әлемдік трендтерге сай белсенді дамып келеді. Ол үшін өндірістің тиімділігін арттырудан бастап қайта өңдеу өндірістерін кеңейтуге дейін қажетті шаралар қабылдануда», – деді ол. Энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндамасында, геологиялық барлауға қосымша инвестициялар тарту үшін көмірсутектерді, оның ішінде газды барлау және өндіру жөніндегі күрделі жобалар үшін реттеушілік және фискалдық преференциялар пакетін көздейтін Жақсартылған модельдік келісімшарт енгізілгенін атап өтті. 2023 жылы инвестиция көлемі $6 млрд болатын осындай алғашқы келісімшартқа қол қойылды. Инвестициялық қүны шамамен $2 млрд-ты құрайтын тағы бір келісімшартқа қол қою пысықталуда. Бұдан басқа, салада электрондық аукциондар өткізуді оңайлату жөнінде шаралар қабылданды. Осы жылы кен орындарын жылдам қолданысқа беру үшін жер қойнауын пайдалану саласындағы рәсімдерді жеңілдету жұмыстары жалғасады. Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан қосылған құны жоғары өнім шығаруға қайта бағдарлау шеңберінде белсенді дамуда. Атап айтқанда, өткен жылдың соңында қуаттылығы 500 мың тонна полипропилен өндіретін әлемдік деңгейдегі ірі мұнай-химия зауытының бірі іске қосылды, ол республиканың ішкі қажеттілігін толығымен жабуға мүмкіндік береді. Қосымша $12 млрд инвестиция сомасына полиэтилен, бутадиен және полиэтилентерефталат өндіру бойынша тағы төрт ірі жоба іске асырылып отыр.Алдағы уақытта Энергетика министрлігі ұлттық экономиканың түрлі салаларының қажеттіліктерін мұнай-газ химия өнеркәсібінің мүмкіндіктерімен өзара байланыстыру және импортты алмастыру, жаңа өнімге стандарттарды енгізу, сондай-ақ нормативтік базаны жетілдіру жөніндегі шаралар қабылдауды жоспарлап отыр. Премьер-министр бұл қадамдардың барлығын жеке заңның әзірленуін күтпей-ақ, заңға тәуелді актілер деңгейінде қабылдау қажет екенін атап өтті.Отырыс барысында қатысушылар салық салу, геологияны дамыту, экологиялық талаптарды сақтау, мұнай экспорты, жалпы саланың ашықтығын арттыру және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады. Әр тақырып бойынша Энергетика министрлігі, Экология министрлігі, Индустрия және басқа ведомстволардың басшылары егжей-тегжейлі түсініктемелер беріп, пікірлерін білдірді.Премьер-министр талқылауды қорытындылай келе, мұнай-газ саласының қарқынды дамуы бүкіл экономика үшін маңызды үдеріс екенін атап өтті. Осыған байланысты ол қосымша инвестициялар тарту үшін Жақсартылған модельдік келісімшартты қолдануды жеделдету және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін жеткізді. «Жақын арада мұнай-газ саласы бойынша 800-ге жуық түрлі артық талаптарды қысқарту жоспарлануда. Бұл шаралар бизнес-қоғамдастықпен және «Атамекен» Ұлттық палатасымен тығыз байланыста қабылдануда. Үкімет бұдан әрі де осындай сындарлы негізде жұмыс істеуге дайын», – деді Премьер-министр. Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне отырыста айтылған ұсыныстарды ескеруді және мемлекет пен жеке инвесторлардың мүдделері арасындағы теңгерімді сақтай отырып, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын табуды тапсырды. Кеңес отырысына орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП төралқасы мен негізгі комитеттерінің басшылары, ірі салалық одақтардың, қауымдастықтар мен жеке компаниялардың өкілдері, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және т. б. қатысты.

Бұрын мас күйінде көлік жүргізіп көзге түскен шенеунік Ақтау әкімінің орынбасары болды
Бұрын мас күйінде көлік жүргізіп көзге түскен шенеунік Ақтау әкімінің орынбасары болды
  • Massaget
Қазақстанда Жошы хан тарихи сериалының түсірілімі басталды
Қазақстанда Жошы хан тарихи сериалының түсірілімі басталды
  • Massaget
Жезқазғанда африкалық мұғалімге заңсыз жұмыс істегені үшін айыппұл салынды
Жезқазғанда африкалық мұғалімге заңсыз жұмыс істегені үшін айыппұл салынды
  • azattyq-ruhy
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды
  • aqshamnews
Бас мүфти қандай жағдайда пітір садақасы берілмейтінін айтты
Бас мүфти қандай жағдайда пітір садақасы берілмейтінін айтты
  • sn.kz
  5 наурызға арналған валюта бағамы жарияланды
5 наурызға арналған валюта бағамы жарияланды
  • aikyn
Жамбыл облысында 20 елді мекенге ауыз су тартылады
Жамбыл облысында 20 елді мекенге ауыз су тартылады
  • el.kz
"Астана" баскетболшылары жеңісті уысынан шығарып алды (ВИДЕО)
"Астана" баскетболшылары жеңісті уысынан шығарып алды (ВИДЕО)
  • penalty
«Тыржалаңаш мұзда сүйреген»: Астаналық жігіттердің оғаш әрекеті камераға түсіп қалды (ВИДЕО)
«Тыржалаңаш мұзда сүйреген»: Астаналық жігіттердің оғаш әрекеті камераға түсіп қалды (ВИДЕО)
  • turkystan
  «Тыржалаңаш жігітті мұздың үстімен сүйреді»: елорда көшесінде болған жағдай видеоға түсіп қалды
«Тыржалаңаш жігітті мұздың үстімен сүйреді»: елорда көшесінде болған жағдай видеоға түсіп қалды
  • aikyn
Семейде өрт сөндірушілер 7 жасар қыздың өмірін сақтап қалды
Семейде өрт сөндірушілер 7 жасар қыздың өмірін сақтап қалды
  • el.kz
Криштиану Роналду әйелінің көзіне шөп салғаны үшін 99 рет дүре салу жазасына кесілді – БАҚ
Криштиану Роналду әйелінің көзіне шөп салғаны үшін 99 рет дүре салу жазасына кесілді – БАҚ
  • azattyq-ruhy
Мемлекеттік аудитор біліктілігін алу үшін өтінімді онлайн беруге болады
Мемлекеттік аудитор біліктілігін алу үшін өтінімді онлайн беруге болады
  • baq.kz
Еліміздегі танымал тау-шаңғы курортына былтыр 1,5 миллион адам барған
Еліміздегі танымал тау-шаңғы курортына былтыр 1,5 миллион адам барған
  • sport12.kz
«Елден кетіп қалған»: Бас прокуратура Нығматулин бюджет қаражатын ұрлағанын мәлімдеді
«Елден кетіп қалған»: Бас прокуратура Нығматулин бюджет қаражатын ұрлағанын мәлімдеді
  • sn.kz
«Қауіпсіз қала»: «Жастар Рухы» белсенділері қаланы қауіпсіз етуге қолғабыс етті
«Қауіпсіз қала»: «Жастар Рухы» белсенділері қаланы қауіпсіз етуге қолғабыс етті
  • azattyq-ruhy
Шаңғы: Ерлер кезекті жарысты аяқтады
Шаңғы: Ерлер кезекті жарысты аяқтады
  • sport12.kz
  БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматыда аймақтық орталық құру туралы қарар қабылдады
БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматыда аймақтық орталық құру туралы қарар қабылдады
  • aikyn
«Қауіпсіз қала» акциясы: «Жастар Рухы» мен полиция бірлескен рейд өткізді
«Қауіпсіз қала» акциясы: «Жастар Рухы» мен полиция бірлескен рейд өткізді
  • turkystan
БҰҰ Алматыда Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталық ашу туралы қарар қабылдады
БҰҰ Алматыда Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталық ашу туралы қарар қабылдады
  • el.kz
Қайрат Биекенов: Ту ұстап шығатынымды Лиллехаммерде білдім
Қайрат Биекенов: Ту ұстап шығатынымды Лиллехаммерде білдім
  • sport12.kz
«Қазақмыс» 8 кен орнын шетелдіктерге сатпақ»: компания мәлімдеме жасады
«Қазақмыс» 8 кен орнын шетелдіктерге сатпақ»: компания мәлімдеме жасады
  • azattyq-ruhy
Жетісу облысында қанша туристік нысан бар
Жетісу облысында қанша туристік нысан бар
  • el.kz
7 жыл бойы гемодиализде болған пациентке жүрек қақпақшасы сәтті имплантатталды
7 жыл бойы гемодиализде болған пациентке жүрек қақпақшасы сәтті имплантатталды
  • baq.kz
Қазақстан құрамасының қақпашысы португалиялық ойыншыдан өкінішті гол жіберіп алды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасының қақпашысы португалиялық ойыншыдан өкінішті гол жіберіп алды (ВИДЕО)
  • penalty
Мадридтік дерби: "Реалдың" басты сынақтан өтетін күні
Мадридтік дерби: "Реалдың" басты сынақтан өтетін күні
  • penalty
Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды
Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды
  • sn.kz
Ұлттық құрама бапкері футболшыларды педикюрге жіберген
Ұлттық құрама бапкері футболшыларды педикюрге жіберген
  • penalty
Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады
Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады
  • qaz365.kz
Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады
Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады
  • turkystan
Владимир Зеленский Ресеймен соғысты тоқтатудың алғашқы шарттарын атады
Владимир Зеленский Ресеймен соғысты тоқтатудың алғашқы шарттарын атады
  • qaz365.kz
Қазақстандық әлем чемпиондары допинг қолданды деп айыпталды
Қазақстандық әлем чемпиондары допинг қолданды деп айыпталды
  • penalty
Тоқаев Түркістан облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
Тоқаев Түркістан облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
  • TengriNews
Қоғамдық көлік жаңарады: екі жылда 900 жаңа автобус сатып алынбақ
Қоғамдық көлік жаңарады: екі жылда 900 жаңа автобус сатып алынбақ
  • azattyq-ruhy
Елімізде биыл тағы 53 теміржол вокзалы жөнделеді
Елімізде биыл тағы 53 теміржол вокзалы жөнделеді
  • azattyq-ruhy
Қазақстанда 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады
Қазақстанда 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады
  • azattyq-ruhy
Қазақстанда жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыру онлайн жүргізілуі мүмкін
Қазақстанда жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыру онлайн жүргізілуі мүмкін
  • bugin.kz
Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды
Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды
  • TengriNews
Жасанды интеллект мұғалімдер санын қысқартпай ма?
Жасанды интеллект мұғалімдер санын қысқартпай ма?
  • baq.kz
Жасанды интеллект шенеуніктерді алмастыра ала ма? - Депутат пен ChatGPT жауабы
Жасанды интеллект шенеуніктерді алмастыра ала ма? - Депутат пен ChatGPT жауабы
  • baq.kz
Жаңа заң Түркістан қаласының өзіндік сәулет үлгісін қалыптастыруға басымдық бермек - Әзімбек Пазылбекұлы
Жаңа заң Түркістан қаласының өзіндік сәулет үлгісін қалыптастыруға басымдық бермек - Әзімбек Пазылбекұлы
  • qaz365.kz
Динара Құлыбаеваға қатысы бар ҚБТУ мемлекетке қайтарылды
Динара Құлыбаеваға қатысы бар ҚБТУ мемлекетке қайтарылды
  • qaz365.kz
Аймағамбетов ата-аналар мен мұғалімдерге ұнайтын жаңалық айтты (ВИДЕО)
Аймағамбетов ата-аналар мен мұғалімдерге ұнайтын жаңалық айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Жошы хан туралы халықаралық тарихи сериалдың түсірілімі басталды
Жошы хан туралы халықаралық тарихи сериалдың түсірілімі басталды
  • el.kz
Жайылып жүрген қой жолаушылар пойызын тоқтатты
Жайылып жүрген қой жолаушылар пойызын тоқтатты
  • almaty_tv
«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды
«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды
  • almaty_tv
ШҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
ШҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
  • almaty_tv
Ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындар табысының 50 пайызынан қағылуы мүмкін
Ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындар табысының 50 пайызынан қағылуы мүмкін
  • almaty_tv