Еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 36 пайызы саудамен айналысып жүр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде сауда саясатын дамытуға арналған Үкімет сағатында Сауда және интеграция министрі Арман Шaққалиев айтты.«Барлық шағын және орта бизнес субъектілерінің 36 пайызы, яғни 1,8 млн-нан 730 мыңы саудамен айналысады. Әлеуметтік бағыт бойынша сауда саласы 1-орында тұр, 1,5 млн-нан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. Ал жалпы ішкі өнімге экономикалық үлес бойынша - 2-орында», - деді А. Шаққалиев. Оның сөзіне қарағанда, 11 айда саудаға тартылған инвестиция көлемі 410,6 млрд теңгені құрады, бұл былтырмен салыстырғанда 41,3 пайызға жоғары. Ішкі тауар айналымы 21,1 пайызға өсіп, 53,6 трлн теңгеге жетті (2022 жылдың 11 айында – 44,3 трлн теңге). «Сауданың нақты көлем индексі 111,3 пайызды құрады (2022 жылдың 11 айында – 104,8%). Сыртқы сауда қызметінде де оң динамика байқалды. 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымы 114,1 млрд долларды құрап, былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға (111-де,3 млрд.долл) жетті.