Қазақстанның табиғи су айдындарында жыл сайын шамамен 45 мың тонна балық ауланады

Қазақстанның табиғи су айдындарында жыл сайын шамамен 45 мың тонна балық ауланады. Бүгін Мәжілісте балық шаруашылығы мен аквашаруашылықты дамыту мәселелері талқыланды. Кәсіптік балық аулау, негізінен, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында жүргізіледі. Бүгінгі таңда балық аулаумен 1400-ден астам пайдаланушы айналысады. Оларға 1800-ден астам су айдындары мен учаскілер бекітілген. Бұл ретте 1000-ға жуық су айдыны мен учаскесі қандай да бір себептермен бекітілмей қалып отыр. Аманғали БЕРДАЛИН, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:2023 жылы Қазақстанға 52 мың тоннаға жуық балық және балық өнімдері импортталды. Ол -мұхиттық және теңіздік балық түрлері. 25 мың тоннаға жуық өнім экспортталды. Қазіргі кезде басты міндет – ішкі балық тұтынысын, сондай-ақ экспорттық әлеуетті одан әрі арттыру.  Отандық кәсіпорындар балықтың 50-ден астам түрін әлемнің 120 мемлекетіне экспорттауда. Ірі тұтынушылар ретінде Ресей, Германия, Қытай елдерін атап өтуге болады. "Дегенмен елімізде балық және балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы да өзекті мәселе болып отыр" дейді құзырлылар. Сергей ПОНОМАРЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Аквамәдениетті жүзеге асыру және қызмет ету тәртібі мен механизмі заңда жинақталған. Кәсіпкер бұл іспен қалай айналысу керектігін нақты түсінуі керек, сондықтан олар мұндай бизнеске кіріспес бұрын өздерінің қаржылық және басқа мүмкіндіктерін бағалауы қажет. Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасында 2030 жылға қарай өсірілген балық көлемін 270 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы метрополитенінің заңсыз әрекеті әшкере болды
ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI және FATIMA QOLY коллекциялық монеталары айналымға шығады
Жұлдыз жорамал: 22 қарашада сізді не күтіп тұр
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды
Алматыда 1972 жылы салынған газ құбыры жаңартылуда
Ерболат Досаев Алмалы ауданындағы кәріз желілерінің құрылыс барысымен танысты
Танымал әннің тарихы таспаланды