ҚазАвтоЖол үш облыста республикалық маңызды автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысы шектелгенін еске салды. Аталған аймақтарда аяз күшейіп, көктайғақ, жаңбыр жауып тұр, деп хабарлайды Kazinform.Жамбыл облысында — 1 учаске (79 км) — «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж 159-238 км, Кенен ауылы — Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) Тыйым барлық көлік түрлеріне арналған. Ақтөбе облысында — 1 учаске (176 км) — «Самара-Шымкент» а/ж 526-702 км. Батыс Қазақстан облысының шекарасы — Маржанбұлақ ауылы. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады. Батыс Қазақстан облысында — 1 учаске (132 км) — «Самара-Шымкент» а/ж 394-526 км. Жымпиты кенті — Ақтөбе облысы шекарасы. Тыйым жүк және қоғамдық көліктерге арналған. Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 363 техника жұмылдырылды.