Тарихта алғаш рет Қазақстанның үш бірдей хоккей құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионында ойнайды.Бұл туралы шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Будапеште IA дивизиондағы хоккейден жастар әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы біріншіліктің алтын медалін жеңіп алды, бұл нәтиже команданың турнирдегі қорытынды матчына дейін белгілі болды. Венгрия, Франция, Дания және Жапонияға қарсы өткен алғашқы төрт кездесуде біздің «жастар» қатарынан төрт рет жеңіске жетті, ал Франция Австрияны жеңгеннен кейін турнир кестесінде сөзсіз бірінші орынды иеленді. Соңғы матчта біздің команда буллиттер бойынш Австрияға есе жіберіп, барлығы 13 ұпай жинады. Француздар екінші, ал даниялықтар үшінші орын алды.Владимир Никитин турнирдің үздік қақпашысы атанды. Осылайша, осы жеңісінің арқасында Қазақстан тарихи жетістікке қол жеткізді: 2024 жылы бірден үш құрама – жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрама әлем чемпионатының топ-дивизионында өнер көрсетеді. Еске сала кетейік, осы жылдың сәуірінде біздің жасөспірімдер IA дивизионындағы әлем чемпионатында бірінші орынды иеленіп, элитаға көтерілді. Ол кезде де Сергей Старыгин жетекшілік етті. Ал ересек ерлер құрамасы топтық кезеңде үш рет жеңіске жетіп, элитадағы орнын сақтап қалды және топ-дивизионда қатарынан төртінші жыл ойнағалы отыр.