Қазақстанның үш қаласында коронавирусқа шалдығушылар көбейген

ОКҚ-да өткен брифингі барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова еліміздегі коронавирус және қызылша бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.Ведомство өкілі соңғы аптада әлемде КВИ-ге шалдыққандар саны 38%-ға өскенін еске салды. "Егер Қазақстандағы көрсеткіштерге келетін болсақ, биылғы жылы КВИ жұқтырудың 10 409 жағдайы тіркелді, 2022 жылмен салыстырғанда, әрине бұл - 38 есе төмен көрсеткіш. Төмендеу бар екеніне қарамастан, мысалы тамыз бен шілде айларын салыстырсақ, 1,5 есе – 233-тен 343 жағдайға дейін өсу деңгейі байқалады. Өсім негізінен Алматы, Астана және Шымкен қалаларында байқалып отыр",-деді Зәуре Ахметова.Вакциналардың жайына келетін болсақ, Зәуре Ахметованың айтуынша, бүгіндері ол кез келген азаматқа қолжетімді. "Вакциналар бар әрі халыққа қолжетімді. Елімізде 257 мыңнан астам доза бар: Комирнати/Омикрон вакцинасы – 80 мыңнан астам және Sinopharm – 170 мыңнан астам. Бүгінгі таңда біз тағы вакцина сатып алу жайын қарастырып жатырмыз, өйткені халықты қамсыздандыру деңгейі өте жоғары, халықтың 55,9 пайыздан астамы вакциналаудың толық курсын алды. Әлемдік тәжірибені ескере отырып, бізде 5,8 миллионнан астам адам бастапқы вакциналаудан, 1,5 миллионнан астам адам қайтара вакциналаудан өткен. Яғни, біз жағдайды бақылап отырмыз, эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, вакциналардың қосымша дозаларын сатып алу мәселелері қаралатын болады",-деді Зәуре Ахметова.Комитет төрағасының орынбасары қызылшаға қатысты жағдай көңіл көншітпейтінін айтты. Оның айтуынша, негізінен бұған вакциналаудан бас тарту себеп. "Жыл басынан бері қызылшаның 4 306 жағдайы тіркелді: 70% – вакцина алмаған балалар, оның ішінде вакциналаудан бас тарту – 1700-ден астам жағдай, медициналық қарсы көрсетілімдер – 172 жағдай, егілу жасына жетпеу - 648 жағдай. Вакцина жеткілікті мөлшерде. Бұл ретте қосымша сатып алуды қарастырмаймыз. 2023 жылға 552 мыңнан астам доза сатып алынған, қоймада вакцина көлемі жеткілікті",-дейді Зәуре Ахметова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионаты іріктеу кезеңін қашан бастайды
14 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
14 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?
АҚШ долларының бүгінгі бағамы жарияланды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Қарағандыда 12 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Тәуелсіздік мерекесіне орай полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды