Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Ташкентте (Өзбекстан) өткен кәсіпқой бокс кешінде чилилік боксшы Хулио Аламоспен (16-1, 9 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды BasSport.kz.«Хумо Аренада» өткен жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын. Кездесу белгіленген уақытқа дейін жалғасты. Нәтижесінде Мейірім Нұрсұлтанов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз WBC чемпионының міндетті қарсыласы атанды. Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой мансабындағы 20-жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Хулио Аламос екінші рет жеңіліске ұшырады. Айта кетейік, Нұрсұлтанов Boxrec.com нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік боксшысы.