23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда өтетін Азия ойындарына қатысатын қазақстандық теннисшілер белгілі болды. Бұл тізімде құраманың үздіктері Елена Рыбакина мен Александр Бублик жоқ, - деп хабарлайды massaget.kz. Елена Рыбакина Азия ойындары кезінде Токиодағы WTA-500 жарысына (25 қыркүйек пен 1 қазан аралығы) қатысуды ұйғарса, Александр Бублик Чэндудағы турнирде бақ сынамақ. Алғашқысының жүлде қоры 780 мың доллар болса, кейінгі турнирдің жүлдесі 1,153 миллион еуроны құрайды. Сонымен Ханчжоудағы Азия ойындарына Қазақстан атынан Дмитрий Попко, Бейбіт Жұқаев, Григорий Ломакин, Денис Евсеев, Жібек Құламбаева, Гозаль Айнитдинова, Аружан Сагандыкова және Жанель Рустемова қатысады.