Әлеуметтік желіде астаналық жас қыздың киімі қызу пікірталас тақырыбына айналды. Есімі Арайлым деп көрсетілген 21 жастағы қыз сырт киімі үшін үлкен кісілерден сөз естіп, сынға ұшырады. Аялдамада автобус күтіп тұрған екі әйел оны тым ашық киінгені үшін айыптады.Қыз мұны видеоға түсіріп алып, желіге жүктеген. Нақтырақ айтқанда, елордалық ару шалбар мен жоғары жағына қысқа, іші ашық топ киген. «Қазақтың әдемі қызысың ғой. Әдемі болып жүр», - деп көшедегі бейтаныс әйел қызға ақыл айтқан. Алайда жас қыз үлкен кісіге «Онда тұрған не бар, менде не шаруаңыз бар?» деп дөрекі түрде жауап қайтарған. Тағы бір әйел «қазіргі жас ұрпақ осындай», «олар ұят дегенді білмейді» дейді. Видеоға қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі жас қызды жақтаса, бірі жат қылық танытты деп айыптады.