"Қазақы менталитет жібермейді": Жәнібектің анасына қатысты тың дерек шықты

“Шетелдегі қазақ балалары” жобасының жүргізушісі Жанар Байсемізова бельгиялықтар асырап алған Жәнібекке қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы  nege.kz  хабарлайды.Сайт тілшісі Динара Мыңжасарға Жанар Байсебізова Жәнібек әуелі “Отандастар” қорының көмегіне жүгінгенін айтқан. Ол: "Отандастар қоры арқылы байланысқа шықты. Сосын Инстаграм желісіне жазды. "Көмектесуден қашпаймын. Бірақ қазір уақытым болмай тұр, эфирге бағдарлама дайындап жатыр едім" деп айттым. Бір қарасам, "Қазақ радиосына" шақырыпты. "Жалғызсыратпай, журналистердің көмектесіп жатқаны жақсы болды ғой" деп қуандым. Алайда, бір хабарда "ДНК-сын тексеріп жатырмыз" деп бір көрсетті, екіншісінде "жаңа бір дерек шықты" деп тағы дүрліктірді. Бір балаға қатысты дүниені бөлек-бөлек жария етудің керегі не? Мен де журналистпін. Эксклюзив материал беріп, сенсация жасап, шулата аламын. Адамның жанды жеріне қалай тиюге болатынын білемін. Бірақ бұл тақырыпта ондай махинацияны қолданбаймын. Өйткені, тағы айтамын, мұнда адамның тағдыры бар. Бәлкім, анасын іздеп, тауып алып, содан кейін жариялау керек пе еді?! Өкінішке қарай, ақпарат құралдары кез келген нәрседен шу жасағысы келеді. Оқылым, қаралым көп болса екен дейді. Былайша айтқанда, хайп қуған заман болды ғой",-деп айтты. Ол оқиғаның ары қарай қалай өрбігені туралы: “Басында қуанып едім, одан кейін бәрі жан-жақтан жұлмалап жатқанда біртүрлі көрінді. Жәнібектің туған анасымен қауышуына көмектескеніміз дұрыс қой. Оның биологиялық анасы өмірден өтіп кетпесе, елімізде тұрып жатса, баласын телеарнадан көрген де шығар. Бірақ мынадай шу болып жатқанда елдің алдына, эфирге шықпайды да. Оған біздің қазақы менталитет те жібермейді. Себебі, кезінде баласын қандай жағдайда тастап кеткенін сіз бен біз білмейміз ғой. Бір қызығы, журналистер болсын, басқалар болсын тек сол баланың оқиғасын ғана таратып, дабыра жасап кеткенін түсінбей қалдым. Өйткені, "Шетелдегі қазақ балалары" жобасында да дәл сондай қаншама оқиға бар. Егер журналистер шынымен сол мәселеге жаны күйетін болса, үн қосқысы келсе, бағдарламадан үзіндісін кесіп алып тарататын еді. Біз де жоба арқылы талай баланың анасын, жақын туыстарын тауып берсек те, жария еткен жоқпыз. Олардың бәрі мұны ел-жұрт білгенін қаламайды. Себебі, бұл олардың жеке өмірі. Жәутеңдеген қаркөздерімізге жаны ашып, туған анасын тауып бергісі келген адам мұны айқайламай-ақ жасайды деп ойлаймын. Бұл – өз ойым, бәлкім қателесетін де шығармын. Бұл жерде бөлінбей, керісінше, бірігуіміз керек емес пе?",-деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді