Көкшетау көлік прокуратурасы жолдардың ақылы учаскелерінде жол жүру ақысын төлеу туралы заңнаманы сақтау мәселесіне қатысты талдау нәтижелері бойынша 605 тасымалдаушы кәсіпкердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.ҚР Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ филиалы "Астана-Петропавл" автожолының қиылысында ауыр жүк көліктерінің иелеріне жол жүру сомасын негізсіз есептеген. "Ақылы учаске Көкшетау қаласы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының 304 шақырымынан басталады, алайда бірінші бақылау аркасы 309 шақырымда орналасқан. Пайдаланушыға ақылы автомобиль жолына кірген кезде және бақылау аркасы арқылы өту кезінде жол операторының жария шартының талаптары қолданылатынын атап өткен жөн. Мұндай жағдайларда кәсіпкерлік субъектісі үшін 5 км жол жүрудің құны 50 км-ге тең болды",-деп хабарлайды ҚР Бас көлік прокуратурасы.