Соңғы 5 жылда 113 әскери қызметкер өзіне-өзі қол салған. Оның 14-і лудоманияның құрбаны болды. Заң бойынша әскерилердің құмар ойын ойнауына тыйым салынған. Оны бұзғандар қатаң жазаланады. Жұмыстан босатылады. Қараша айынан бастап заңнамаға өзгерту енгізілді. Енді ойынханаларға барған қызметкерге де шара қолданылады. Айдын ҒАЗИЗ, ҚР БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл құмар ойынға бату өз-өзіне қол жұмсауға әкеп соқтырып жатыр. Егер құмар ойындар өтетін жерге барған болса, бұл белгілі бір тәртіптік жауапкершілікке тартылуға жатады. Өз тарапынан органдар ойынханалардан тізім сұрату арқылы сәйкестендіру жұмыстары арқылы шығаруға болады.