"Қазір бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардаптарын азайту", - О.Бектенов.

Премьер-министр Олжас Бектенов ТЖМ-нің Дағдарыстық жағдайларда басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің есебін тыңдады.Аумақтық ТЖД-лар бейнеконференцбайланыс режимінде қосылды. ТЖМ деректері бойынша әкімдіктермен бірлесіп, 2,3 млн м3 астам ағын су шығарылып, 162 мыңнан астам құм толтырылған қапшық және 31 587 тонна инертті материал төселді. Апаттық-құтқару жұмыстарына 6 349 адам, 2 192 техника, 689 сорғы құралы және т.б. жұмылдырылды. Бұл – соңғы жылдардағы ең үлкен су тасқыны. Қазір бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардаптарын азайту. Кейін жекелеген лауазымды тұлғалардың өз қызметтік міндеттеріне салғырт қарауының ықтимал фактілерін анықтау мақсатында егжей-тегжейлі тексеру жүргізілетін болады. Мен бұл мәселені Бас прокурормен талқыладым. Бүгінде барлық күш су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды. Менің бірінші орынбасарым Роман Васильевич Скляр ең қатты зардап шеккен өңірлерде жүр , — деді Олжас Бектенов. Үкімет басшысы сондай-ақ солтүстік өңірлерде де су басу қаупі бар екенін атап өтті. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы су тораптарының жағдайы тексерілген болатын. ТЖМ басшылығына еліміздің барлық өңіріндегі жұмыстарға бақылауды күшейту тапсырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Бауыржан Байтана «Тұранға» барды
Құтқарушылар бір жасар балаға көмекке келді
“Нұрболханмен бекер соттасыппын“. Ләйлә Сұлтанқызы ұялатын әрекеті жайлы айтты
«Адамды мыжып кететін байдың балаларын неге көрмейді?!»: Экс-шенеунік заңгерге жақпай қалды (ВИДЕО)
Францияда маймыл шешегінің жаңа штамы тіркелді
Ақтөбеде қыс айларына арналған арнайы техникалар паркі жаңартылуда
Жаңажылдық демалыстан кейін режимді қалай қалпына келтіруге болады?
Қостанайлық құтқарушылар азаматтарға көмек көрсетті
Төтеншеліктер сырғанау кезіндегі ережелерді еске салды
Алматыдан жолға шыққан сүт таситын көлік қар құрсауында қалып қойды
Біріккен Араб Әмірліктері авиация саласында рекорд орнатты
Жол жабылып, рейстер тоқтатылуы мүмкін: Астанада қалың қар жауып, боран соғады
Қарағандыда жеке клиникаға ота жасатуға барған ер адам көз жұмды
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдарда шектеулер енгізілді
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды
Астанада 1 200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Қостанайда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған