"Қазір бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардаптарын азайту", - О.Бектенов.

Премьер-министр Олжас Бектенов ТЖМ-нің Дағдарыстық жағдайларда басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің есебін тыңдады.Аумақтық ТЖД-лар бейнеконференцбайланыс режимінде қосылды. ТЖМ деректері бойынша әкімдіктермен бірлесіп, 2,3 млн м3 астам ағын су шығарылып, 162 мыңнан астам құм толтырылған қапшық және 31 587 тонна инертті материал төселді. Апаттық-құтқару жұмыстарына 6 349 адам, 2 192 техника, 689 сорғы құралы және т.б. жұмылдырылды. Бұл – соңғы жылдардағы ең үлкен су тасқыны. Қазір бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардаптарын азайту. Кейін жекелеген лауазымды тұлғалардың өз қызметтік міндеттеріне салғырт қарауының ықтимал фактілерін анықтау мақсатында егжей-тегжейлі тексеру жүргізілетін болады. Мен бұл мәселені Бас прокурормен талқыладым. Бүгінде барлық күш су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды. Менің бірінші орынбасарым Роман Васильевич Скляр ең қатты зардап шеккен өңірлерде жүр , — деді Олжас Бектенов. Үкімет басшысы сондай-ақ солтүстік өңірлерде де су басу қаупі бар екенін атап өтті. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы су тораптарының жағдайы тексерілген болатын. ТЖМ басшылығына еліміздің барлық өңіріндегі жұмыстарға бақылауды күшейту тапсырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодарда кілтке бола әйелін ұрған ер адам қамауға алынды
Жас ғалымдар әлемнің озық зертханаларында тәжірибе жинауда
Қызылордада жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ сотталды
Ақтөбелік өрт сөндірушілер 15 адамды эвакуациялады
Қазақстан құрама командалары шабуыл сатысымен көтерілуден үздік үштікке енді
«Таза Қазақстан» экоакциясына астаналық байкерлер қатысты
Әнші Ayree зорлық-зомбылыққа қарсы ән жаздырды
19 мамырға арналған метеожағдай қандай
Су тасыған өңірлердегі тұрғын үйлер құрылысы online режимде бақыланады
«Анам намаз оқып, Алладан көмек сұрайды»: Бетперделі жігіт жертөледе тұратын отбасыны қуантты
Украинаның кәсіпқой боксшысы Александр Усик ауыр салмақта абсалютті чемпион атанды (ВИДЕО)
СҚО-ның Қызылжар ауданында үйлердің 80% техникалық тексерістен өтті
Арақтың өлімге әкелетін мөлшері аталды
Қазақстан мен Жапония гидротехникалық құрылыстарды бірігіп нығайтуды жоспарлап отыр
Талдықорғаннан Өскеменге дейінгі тасжолдың 768 шақырымына асфальт төселді
Elorda Cup: 14 боксшымыз чемпион атанды
Қызылқоғада су шайған жолдар мен көпірлер қалпына келтірілуде
"10 жыл үйде отырмады". Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Абдукаримованың ұзақ уақыт ел алдына шықпау себебін түсіндірді
Жас ғалымдар әлемнің озық зертханаларында тәжірибе жинауда
Нариман Курбанов – спорттық гимнастикадан Азия чемпионы, ал Карими – күміс жүлдегер
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Нөсер жаңбыр, бұршақ: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы
Қазақстандық оқушылар халықаралық көрмеде беделді марапаттарға ие болды
Тойларда Құран сүрелерін қосуға бола ма? – ҚМБД жауап берді