Қазіргі жағдайда Президенттің бағытын одан әрі қолдау қажет – Никита Шаталов

Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі митингілер туралы заңнаманы ырықтандырудан бастап партияларды тіркеуді жеңілдетуге және аралас сайлау жүйесін қайтаруға дейінгі бірқатар реформалардан өтті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Никита Шаталов партия фракциясының кеңейтілген отырысында мәлімдеді.Ол тарихта алғаш рет Парламенттің төменгі палатасында бәсекелес алты фракцияның пайда болғанын және нақты округтен өкілдік ететін бір мандатты депутаттардың арқасында аймақтық сайлаушылардың дауысы естіле бастағанын айтты. «Қазақстан геосаяси жағдайға қарамастан, құрылымдық саяси реформалардан өткен әлемдегі санаулы мемлекеттердің біріне айналды. Әлемдік күйзелістерге қарамастан, біз мемлекеттік басқару жүйесін толығымен жаңарта алдық. Біз ешкімге жалтақтамай, өз күшімізге сендік. Қазіргі жағдайда Президент бағытын одан әрі қолдау қажет», - деп санайды халық қалаулысы. Депутат партияның сайлауалды бағдарламасы Президенттің экономиканы жаңғырту жөніндегі бастамаларымен тығыз байланысты екенін айтты. «Мәжілістің VIII шақырылымының бір ерекшелігі – депутаттар көптеген маңызды заң жобаларына бастамашысы болды. Мысалы, президенттік реформаларды жүзеге асыру үшін қажетті 13 заң жобасы біздің фракциядан ұсынылды. Бұл біздің Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі екендігімізді көрсетеді. Мәселен, бірінші сессияның 100 күнінде активтерді қайтару туралы заң қабылданды, ол қазақстандықтардың әділдікті сұрауына жауап болды. Депутаттар сонымен қатар онлайн-платформалар мен онлайн-жарнамалардың қызметін реттейтін заңға бастамашы болды. Сондай-ақ, Жер кодексіне енгізілген түзетулердің арқасында шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғаларға бұдан былай жер меншікке берілмейді», - деді Никита Шаталов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысының тұрғыны анасы мен әпкесін велосипедпен қажылыққа апарды
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребе қорытындысы
Қытай құрамасының экс-бас бапкері 20 жылға түрмеге қамалды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
«Ата-әжесіне қамқор болды». Метрода қаза тапқан жігіттің кім екені белгілі болды
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты аппелляциялық сот шешімі шықты
Қазақстан Венгрияда функционалды көпсайыстан әлем чемпионатына қатысып жатыр
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты
Футболдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына іріктеудегі қарсыластары анықталды
ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығына 50 жыл
Баланы тұмаудан қалай қорғауға болады? Дәрігер кеңесі
Қоғамдық орында тәртіп бұзу: айыппұл көлемі қаншаға өсті?