Биыл – кібісе жылы. Яғни, төрт жылда бір рет ақпан айы 29-ымен бітеді. Астрономиялық уақыт бұл жылы 366 күнге жетеді. Дүние жүзі бойынша төрт миллион адам дәл осы күні туған. Ерболат Тұрсынқожа бүгін 7-ге толып жатыр. Ол 1996 жылдың 29 ақпанында дүниеге келген. Оның айтуынша, кібісе күні туғандар шығармашылыққа жақын болады. Ерболат жыл сайын құттықтаулар легі 3 күнге созылады дейді. Ерболат ТҰРСЫНҚОЖА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Себебі әлеуметтік желіде қазір білесіздер сенің досыңның туған күні деп хабарлама келеді. Әлеуметтік желі менің туған күнімді 27 ақпан деп ойлайды. Солайынан 27 ақпан күні бүкіл достарыма хабарландыру жібереді. Содан құттықтаулар басталады. 1 наурызға дейін барады. Тәуелсіздік алғалы елімізде 29 ақпан күні 5110 адам дүниеге келген. Олардың 2707-сі ер адам, 2403-і әйел. Балалардың дүниеге келу саны бойынша кібісе жылдар арасында 2016 жылы көш бастайды. Бұл жылы 29 ақпанда 438 ер бала, 432 қыз бала туған. Нұрсәуле ТӨЛЕГЕНОВА, НУМЕРОЛОГ: Бұл күні туған адамдар біліп туғандар деп айтатын едім. Себебі олардың интуициясы жақсы дамыған. Яғни, өте алғыр және экстрасенсорикалық қасиеттері басым. Себебі бүгінгі күннің энергетикасы мықты. Нумеролог кібісе ерінбей еңбек еткендер үшін қаржылық табыс әкелетін жыл, - дейді. Жақсылық жасау арқылы ырысыңды арттыруға да мүмкіндік мол көрінеді.