«Кедергісіз келешек» жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде мониторинг жүргізілуде

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде мониторингтік шаралар жүріп жатыр. Мақсат – ерекше қажеттілігі бар жандардың өмір сапасын арттыру және оларға қолайлы орта қалыптастыру.Комиссия мүшелері бақылау нысандарын тексеруді партияның «Жол картасы» аясында бой көтерген «City» емханасынан бастады. Орталықта мүгедектерге тиісті жағдай жасалған. Арнайы баспалдаққа шығуға арналған гидрокөтергіш -қызметкерлерге таптырмас жабдық. Тек «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» алдына аялдама салу керек дейді мамандар. Себебі қазіргі аялдама мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріп-тұруына ыңғайсыз дейді. Бәзілхан ӘБДІҒАНИ, «КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ЖОБАСЫНЫҢ КУРАТОРЫ: «Кедергісіз келешектің» бірден-бір мақсаты – біздің азаматтарымыз тең құқылы өмір сүру. Мүмкіндігі шектеулі деп оларды шетке қағуымызға мүлде болмайды, бүгінгі заманның талабы бойынша. Олардың ішінде ғылыммен айналысатын, біліммен айналысатын, өнермен мәдениетпен, тіпті қолөнер шеберлері осындай азаматтарымыз бар. Таразда да «АМАНАТ» партиясы жанынан құрылған топ облыс орталығындағы бірнеше нысанды аралады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына мекемелердің қаншалықты сай екенін зерделеді. Қалалық сотқа, емханаға барды. Бірқатар кемшілікті анықтады. Партиялықтар жыл соңына дейін өңірдегі 259 әлеуметтік нысанда болады. Айта кетейік, аймақта 45 602 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Берік ТІЛЕУШОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖОФ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Алдағы уақытта бұл жұмыстар тоқтамайды. Зерделеу нәтижесі бойынша тиісті мекемелерге хаттамалық ұсыныстар беріледі. Ол ұсыныстарға біз міндетті түрде суреттерін, бейне дәлелдерін қоса береміз. Алдағы уақытта айыппұл салу мәселесін біз күн тәртібінен түсірмейміз. Ал партияның Ақмола облыстық филиалының мониторинг тобы Көкшетау қаласындағы орта білім беретін мекемелерді аралап, нысандардың жай-күйін бақылады. Ғимараттар мен оған іргелес аумақтардың ерекше қажеттілігі бар адамдарға қаншалықты қолайлы екеніне мән берілді. Биыл облыста партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында 192 нысанды бейімдеу жоспарланып отыр. Оның 23-і облыс орталығында орналасқан. М. Жолдыбалин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Садриддин Ахмедов америкалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді
Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
14 желтоқсанға арналған валюта бағамы
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
Қазақстанда президент резиденциясының орнына стадион салынады
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Мас астаналық есігі ашық көлікті ұрлап, бағанаға соғылды
Оңтүстік Корея Парламенті президентке импичмент жариялады
Садриддин Ахмедов америкалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді
Қарағандыда ауа райына байланысты жол жабылды
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті
"Астана" баскетболшыларының әр ойыны рекордқа ұласып жатыр
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Еріктілер Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты: 14 желтоқсан 2024, 17:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz