«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы «Кедергісіз келешек» жобасын нәтижелі жүзеге асырып келеді. Бағдарламаның мақсаты- мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау. Облыстық партияның сайлауалды бағдарламасын орындауғы жол картасы аясында былтыр "Жастар практикасы" және "Бірінші жұмыс орны"бағдарламалары бойынша мүгедектігі бар жас кадрларды жұмысқа орналастыруға қолғабыс еткен. Оған қоса бос орындар жәрмеңкелерін өткізіп, облыстағы түрлі кәсіпорындар мен мекемелерді 100 ге жуық жұмыс күшімен қамтыды. Алмас Амангелдіұлы І топтағы мүгедектігі бар, көпбалалы әке. Жақында ол қаладағы оңалту орталықтарының біріне партия жобасы шеңберінде жұмысқа орналасты. Енді оның жалақысы үш жылға дейін мемлекет тарапынан субсидияланады. Абай облысы бойынша түрлі салада ерекше жандар үшін берілетін жұмыс квотасының орындалуы «AMANAT» партиясының өңірлік филалы тарапынан тұрақты түрде бақылауға алған. Бекзат ЖАНАТҰЛЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ: Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту мақсатында облыс бойынша 2023 жылы 8 ЖОО –ның түлегі жұмысқа орналастырылды. Және облыс бойынша 17 Бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған жәрмеңкеде тұрақты негізде 74 адам жұмысқа орналастырылды. Енді «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аталған жұмыстар алдағы жылы да осылай жалғасын таба береді.