«Кедейлер қаттысын, байлар «тәттісін» тұтынатын дәретхана қағазын да шығара алмайтын қандай елміз?», - Е.Мәндібек

Қазақстан Ресейден жыл сайын 16 миллион долларға дәретхана қағазын сатып алады. Елімізде қағаз өндіретін өндіріс орнының болмағаны ма, әлде шикізат тапшы ма? Толығырақ тілшіміз тарқатады.«Кедейлер қаттысын, байлар «тәттісін» тұтынатын дәретхана қағазын да шығара алмайтын қандай елміз? Қоғам белсендісі Ербол Мәндібек өзінің әлеуметтік парақшасында осылай деп жазба қалдырды. Айтуынша, жыл сайын еліміз миллиондаған қаржыны желге ұшыруда. Өндіріс жоқ емес бар. Бірақ нарықты қамтуға қауқарсызбыз дейді. Ербол МӘНДІБЕК, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Бізде енді қазір сауда дүкендеріне барсаңыз, адамдар арзан нәрсе іздейді. Бір теңге болсын, екі теңге болсын. Себебі ақша жетпей жатыр, тапқан табысы зарплатасы жетпей жатыр. Сондықтан, дәретхана қағазының да арзанына жүгіреді. Ал қымбатын кім алады? Жақсы айлық алатын, немесе бизнесі бар. Олардың өзі шетелден келетін. Турция мен Германиядан жыл сайын бізге 1,2 млн долларға қымбат былай айтқанда бренд дәретхана қағаздары жеткізіліп жатыр. Осыны неге өзіміз өндірмейміз. Желі қолданушылары да мәселені бірден қоштай кетті. Елде қағаз түгілі, «сіріңке» өзімізден шықпайды деп пікір қалдырған. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Негізі елде дәретхана қағаздары шығады, бізде шикізат жетіспейтін сияқты. - Айналайындар-ау, сол ақшаға қағаз өндеп шығаратын техникасын алып берсін, кәсіп таппай жүргендерге қолдау жасап.... - Өзімізде кәсіпкерлер өз өнімін шығарғысы келеді, бірақ қолдау жоқ. Шеттен әкелуге мүдделі топтардың әрекеті. Салыстыру үшін айта кетсек, біздегі қағаз өндірісінің 80%-ы негізгі төрт өңірге тиесілі: Алматы облысы, Алматы қаласы, ШҚО және Шымкент қаласы. Санитарлық-гигиеналық өнімдердің барлығы импорт, отандық өнім үлесі 3,2% төңірегінде. Әжетхана қағазына дейін өзге елден импортталып жатыр. Өзімізде қажетінше өндіру үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шикізат жетіспейді деп отыр. Ілияс ОСПАНОВ, ҚР ИИДМ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Шикізат ең бастысы ағаш болып келеді. Ағаштың барлығы Ресейден келеді. Біздің еліміздегі бар ағашқа қарағанда арзанырақ болып келеді. Сондықтан үлкен үлкен фабрикалар сол жақта шоғырланғаннан кейін, соның цепочкаларымен айналысады. Бар мәселе шикізатқа тіреледі. Елімізде ағаш қат. Жеріміздің 3,8 проценті ғана орманды алқап. Салыстыру үшін айта кетсек, біздегі қағаз өндірісінің 80%-ы негізгі төрт өңірге тиесілі: Алматы облысы (20,8 млрд теңге, 31,2%), Алматы қаласы (17,5 млрд теңге, 26,2%) ШҚО (8,3 млрд теңге, 12,4%) және Шымкент қаласы (7,6 млрд теңге, 11,4%). Назар аударарлық жайт, аталған кезеңде санитарлық-гигиеналық өнімдердің барлығы дерлік импорттық өніммен толған, отандық өнім үлесі 3,2%-дың төңірегінде ғана. Ә. Дүкембаева

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Мал боласың»: Әбдіжаппар Әлқожаның дөрекілігі көптің ашуына тиді
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?