Келер аптада БҚО-да су деңгейі көтерілуі мүмкін

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов өңірде су тасқынынан келген шығынды есептеу жүріп жатқанын айтты.«Облыс бойынша қауіп әлі де сейілген жоқ. Орал қаласы және 12 ауданның ішінде 8 ауданда жағдай тұрақтанды. Алайда қазір облыс орталығы мен Жайық бойындағы 4 ауданға (Ақжайық, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек) қауіп төніп тұр. Осы аудандарда 90-нан астам елді мекен бар», - деді Қ.Айтмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде. Бұл тұрғыда ол қауіп Ресей аумағынан келетін судан болуы мүмкін екенін айтты. Үлкен су ағыны облыс аумағына 15-20 сәуірде келуі ықимал. «Жайық бойындағы елді мекендерге бар күшімізді салып жатырмыз. Қолдан жасалған бөгеттер бекітілді. Қазір аталған төрт ауданда және қалада 300-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Жайық деңгейінің көтеріліп жатқаны байқалып отыр», - деді әкімнің орынбасары. Оның сөзіне қарағанда, наурыз айында облыс аумағында тез еріген қар мен жауын-шашыннан кейін бірқатар аудан мен Орал қаласында 581 тұрғын үйді су басу фактісі тіркелді. Өңір тұрғындарына келтірілген материалдық шығынды есептеу жұмыстары басталды. Қазір 415 үйге техникалық тексеру жасалды. «Су тасқыны басталғалы жалпы 7 мың 125 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, оның ішінде 3 мың 694 бала бар. Қазір 5 мың 600 адам өзінің тұрғылықты жеріне оралды», - деді Қалияр Айтмұхамбетов. Сонымен қатар ол су басу салдарынан мал шығыны болғанын айтты. Алдын ала есептеу барасында облыс аумағында 334 бас ірі қара, 1721 бас қой мен ешкі, 54 жылқы қырылды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
UFC алғаш рет шығатын Дияр Нұрғожаның қарсыласы белгілі болды
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Терроризмді насихаттады деген айыппен екі қазақстандық сотталды
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді