Келер жылы халықаралық турнир Қазақстанда өтуі мүмкін

17 наурызда Ресейде Президент сайлауы өтеді. Саяси науқан қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына барып, Владимир Путинмен кездесті. Сәттілік тіледі. Одан кейін Мемлекет басшылары «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу салтанатына қатысты. Ауқымды байқауда 104 ел бақ сынайды. Арасында ел спортшылары да бар. Киберспортшылар жарысы келер жылы Қазақстанда өтуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қазан қаласына кеше барды. Алдымен «Татнефть» компаниясының басшысын қабылдады. Артынша Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Алда келе жатқан Президент сайлауына сәттілік тілеп, екі елдің байланысы одан әрі артатына сенім білдірді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Нәтиженің ойдағыдай боларына күмәніміз жоқ. Өйткені Ресей Сіздің беделді басшылығыңызбен таңқаларлық табысқа қол жеткізіп келеді. Менің ойымша, қос тарап, екі елдің үкіметтері аталған уағдаластықтарды табысты жүзеге асырып жатыр. Қазірдің өзінде нақты нәтиже бар. Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс қарқынды дамып келеді. Былтыр Ресей делегациясы біздің елге келген. Сол кезде қос тараптың нақты даму бағыттарын айқындап алдық. Нақтырақ, энергетика, инвестиция саласын жетілдіру көзделді. Нәтиже жоқ емес. Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Екіжақты байланыс аса маңызды барлық сала бойынша нәтижелі көрсетіп жатыр. Мұның бәрінде екі елдің мүддесі көзделген. Осыдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл шараға 100-ден астам елден 2 мыңға жуық киберспортшы келген. Біздің елдің ойыншылары спорттың 13 түрі бойынша сайысқа түседі. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік. Халықаралық турнирге «Астана» футбол клубында жаттығатын 10 жастағы Жан Әли Ермағамбетов те қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда балалар спортына мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетілетінін айтты. Қуанышбек ЕСЕКЕЕВ, ҚАЗАҚСТАН КИБЕРСПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл - жаңа формат. Біздің елде де танымал болады деп ойлаймын. Сондықтан оны дамыту маңызды. Қазір бізде стратегия, тактика және жылдамдық жағынан өте жақсы командалар бар. Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері мен бірқатар мемлекеттің өкілдері де қатысты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Анасы жоқ, әкесі мас": Желіде арба сүйреген 7 жастағы баланың видеосы тарады
Серікбай Қосан: 100 томдық «Бабалар сөзіне» мемлекеттік сыйлық бермеді
«Фолиант» баспасының директоры Испанияның ең беделді марапатын иеленді
Алматыдағы автобуспен болған өлімге әкелген ЖКО: айыпталушы кінәсін толық мойындады
Жандосов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
Алматы әкімі Ерболат Досаев ауыз су өндіретін зауытты қайта жаңарту барысымен танысты
Теңге бағамын тұрақтандыруға 1 млрд доллар кеткен
Алматы қаласының Түрксіб ауданында инфрақұрылымдық жоба аяқталып келеді
Жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды
Алматыда мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы қалай шешіледі
HR Enbek порталында жұмыс беруші және жұмыскер жөнінде ой-пікір қалдыру мүмкіндігі пайда болды
Конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі басталды
Қай өңірлерде жедел жәрдемге маман жетпейді?
Головкин Olympism 365 комиссиясының отырысына қатысты
Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді
Ақтөбеде көпбалалы ана балықтан уланып, аяқ-қолынан айырылған (ВИДЕО)
Қыстың алғашқы күндері ауа райы қандай болады
Астанада “полицей“ қыз зорлады деп айыпталды
Магистратура грантына құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды
Алматының Түрксіб ауданында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Алматы облысында жастарға арналған жаңа орталық ашылды
Алматыда қалта ұрылары ұсталды
WhatsApp-пен хабарласқан: 2000-ға тарта адам алаяқтарға алданып қалған
Астанада Алаш қайраткерлеріне арналған көрме ашылды