Үнемі басы дауға қалатын танымал әнші Төреғали Төрәлінің әлеуметтік желіде тойда жүрген кезіндегі видеосы тарады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.Видео авторы: «Халық Төрешті сағынып қалыпты», деп жазба қалдырған. Видеодан той қонақтарының Төреғали Төреәлінің қолын алып, бетінен сүйіп мәз болып билеп жүргенін байқауға болады. Желі қолданушыларының бір бөлігі әншіні қолдап жатса, енді біреулері оған қарсы пікірлерін жазып жатты. Олар: «Не істесе де, аңқау қазағым бәрін кешірейін деп тұр ғой», «Әр үйде бір тентек болады», «Менттер не ұтты? Бұл тентек өзгермейді», «Керемет», «Нашақордың өлеңдерін тыңдағым келмейді», «Келесі сұмдығына дайын болайық», «Оңбайтын адамсың ғой Төреш» деп ойларын ортаға салды.