Елімізде мектеп бітіруші түлектердің 40 пайыздан астам жоғарғы оқу орнында мемлекеттік грантпен оқиды. 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш 15 пайызға дейін қысқаруы мүмкін. Мамандар болжамы осындай. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында Үкіметке «Келешек» ерікті жинақ жүйесін енгізу тапсырған болатын. Аталған жүйе келер жылдан бастап қолданысқа енеді. Ата-ана 5 жасқа толған баласына екінші деңгейлі банктер арқылы шот ашып, оның жоғарғы білім алуы үшін қаржы жинайды. Бала мектеп бітіріп, грант жеңіп ала алмаса осы жинақ есебінен білім алады. Егер өз білімімен оқуға түссе, онда ата-анасы жинаған қаржыны баспана алуға жұмсайды. Гүлмира НӘКЕНОВА, «ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл- ерікті жинақ жүйесі. Ата-ананың қалауы бойынша. Екінші деңгейлі банктер мен сақтандыру компаниялардан шот ашады. Шотқа мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы түседі. Содан кейін ата-ана жыл сайын ол шотқа 12 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде ақша салып отыруы тиіс. Одан жоғары мөлшерде салуына болады.