Келесте 3 әйел бірігіп, зейнеткердің атынан ірі көлемде несие рәсімдеген

Келесте зейнеткердің атынан ірі көлемде несие рәсімдеген 3 әйел анықталды.Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Егде жастағы ер адамның айтуынша, оның атынан белгісіз біреулер несие алып 4 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Зейнеткер болған жайттың мән-жайын анықтап, тексеру үшін тәртіп сақшыларынан көмектесулерін сұрады. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Жәбірленушінің шағымына сәйкес, алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары қажетті іс-шараларды жүргізді. Атқарылған тиянақты жұмыс нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 3 күдікті әйел анықталды. Олар жұмыссыз, жергілікті тұрғындар болып шықты. Анықталғандай, күдіктілер қарияның үйінде күтушісі болып жұмыс жасап, сеніміне кірген. Содан телефонындағы банк қосымшасын пайдаланып, ірі көлемде несие рәсімдеген. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Таиландтан есірткі жеткізген күдікті 16 жылға сотталды
Ақтөбеде кепілде болып, ауыр жарақат алған әйел есін жиды
Көктайғақ, бұрқасын: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
Астанада алты-ақ ардагер қалды: 80 жылдыққа орай әрқайсысына 8 миллион теңге берсе де болар еді
Алматыда инклюзивті кітапханалар ашылды
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр, қар және көктайғақ
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Ұлытау облысында боранда жоғалып кеткен ер адам құтқарылды
Сенат Әділет министрін судьялық қызметінен босатты
Сенат Конституциялық сот судьясының өкілеттігін тоқтатты
«Қара халықты әдейі тобырға айналдырды!»: Меккеде жүрген Айгүл Орынбек Мұхамеджан Тазабекті сөз қылды
16 қаңтардағы ресми валюта бағамы
29 жастағы қазақстандық Apple компаниясының басшылық қызметіне тағайындалды
Әлемде: Оңтүстік Корея президенті ақыры қамалды, ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс тоқтайды
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
Қазақстандық банктер жаңа стандартқа көшті
Біреуді балағаттаған, қорлаған постқа лайк басу - күнә! ҚМДБ үкім шығарды
Қазақстанда дарынды балаларға арналған алғашқы Абай ұлттық мектебі ашылады
Президент «жаңа олигархиядан» неге қорықты?
Алматы облысында есірткі курьері 16 жылға сотталды
Поштамен есірткі алдырған алматылыққа сот үкімі шықты