Келіні мен енесі пирамидалық схема жасағаны үшін қамалды

Абай облысында келіні мен енесі пирамидалық схема жасағаны үшін сотталып, жазаларын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтеуге жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Енесі 2020 жылы қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару бойынша қылмыстық іс-қимыл жоспарын әзірлеп, оған келінін тартқан. Тағайындалған рөлге сәйкес ол салымшыларды тартуға, олардың тізімін қалыптастыруға, сақтауға міндетті болған. Жиналған қаражаттың және оларды қайта бөлудің есебін жүргізген. Екеуі WhatsApp және Telegram мобильді мессенджерлерінде чат құрып, онда инвесторларды тарту үшін маркетинг түрінде ақпаратты орналастырған. Депозиттер сомасын және қолма-қол ақшалай төлемдер сомасын анықтау үшін "жәшіктер" құру арқылы ұйымдастырады. Олар 2020 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында өз мақсаттарына жету үшін жәбірленушілерден өздері құрған және басқаратын қаржы пирамидасына жалпы сомасы 300 миллионға жуық теңге, яғни аса ірі көлемде қаражат тартқан. Сот екеуін кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабында көзделген және әрқайсысын азаматтардың қаражаты мен инвестицияларды тарту жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан 5 (бес) жыл мерзімге айыра отырып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттады. Қазір олар қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең төменгі мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
«Барыс» қатарынан жетінші мәрте жеңілді
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды