Әнші Жазира Байырбекова көпшілікке күйеуінің анасын көрсетті. Өнер иесі 85 жастағы енесінің видеосын Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ."Жанболатты дүниеге әкелген анамыз. Енемнің жасы 85-те. "Туған күніңізді неге тойламайсыз?" деген сұраққа жауабым осы.Келін болып түскенде апамның "Біздің ауылда келіндер туған күнін тойламайды" дегені санамда қалып қойыпты.Қазір бәрі өзгерді. Тойлаймын десек қарсы болмайды ғой. Аллаға шүкір, аналарымыздың батасымен өсіп, өніп жатырмыз", - деп жазды Жазира Байырбекова.