"Келінім тек брендтен киінеді": Гүлзира Айдарбекова құдалықта не үшін сандық ашқанын түсіндірді

Қазақ сахнасында жүрген Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер әулетіне келін түсті. Олар кенже ұлдары Заңғарды үйлендіріп, құдалық тойын өткізді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Құдалық тойын өткізіп, екі әулет бір-біріне жөн-жоралғы мен сый-сыяпатын табыстады. “Осы келінімізден тек жақсылық, құт-береке күтемін. Баламның әкесін, бауырларын сыйлап, құрметтесе деймін. Қолымыздан келгенше өз отбасындай болуға тырысамыз. “Босаға аттаған шаңырақ – өмірлік үйім” деген ниетпен келсе деп үміттенемін. Заңғар кенже ұл болғандықтан, әбден шашылғанымыз рас. Дүние мен ақшаның орны толады. Ең бастысы – ұрпақ сүйіп, берекелі шаңырақ құру. Құдаларымызға да ең қымбат сыйлықтарды табыстадық. Риза болып, рақмет айтып жатыр. Сонымен бірге болашақ келініме де бір сандық сыйлық ала келдім. Өзімнің аналық махаббатымнан туған идея болатын. Негізі қыздың анасы әкелетін салт қой бұл. Бірақ дәстүрге жаңашылдық енгізгім келді”, – дейді продюсер. Гүлзира Үсенқызы жеке парақшасында қай киімнің қайдан алғанын жеке-жеке айтып берді. “Заңғар үйленемін дегеннен кейін, бірден құдалыққа дайындалдық. Дубайдан бастап, Европаны шарлап ең тәуір дүниелерді сатып алдық. Келінім қымбат брендттен ғана киінетін болады. Мысалы, Дубайдан бренд туфлиін сатып алдым. Италиядан сөмкесін алдық. Жастардың стилін де ескеріп, соңғы үлгідегі сырт киімдерін де ұмытпадым. Қазақта “есік көрсету” деген салт бар. Тіпті, соған киетін көйлектеріне дейін алып келдім. Өзім секілді патшайым болып жүрсін деген ниетпен асыл тастармен көмкерген көйлек тіктірдім, бірақ оның салмағы 5 келі болады. Киіп жүру де оңай емес”, – дейді жаңа статусқа ие болып жатқан Гүлзира ханым. Жас жұбайларға бақыт тілеп жатқан оқырман қарасы көп. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақсуат ауданында пәтер кілттері табыс етілді
Абай облысында 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Грузияда мейрамханадан 12 адамның мәйіті табылды
Ақсуат ауданында пәтер кілттері табыс етілді
#Qazalemi. Нұрлан Қоянбаев 16 желтоқсанға орай байқау жариялады
Құлсарыда спорт мектебінің бухгалтері 55,3 млн теңгені негізсіз жұмсаған
Атырау облысында спорт мектебінің бас есепшісі 55,3 млн теңгені заңсыз аударған
Шымкентте дәрігерлер 70 жастағы әжейге ота жасап, аман алып қалды
Маңғыстауда «Ақтау – Бекет ата» жаңа туристік маршруты іске қосылды