"Келініміз кетіп қалатын сияқты". Кореялық ару Түркістанға келін болып түсті

Кореяда кіндік қаны тамған Сужин Ли дәм тартып, түркістандық отбасыға келін болды. Отбасында келін түсерде қазақтың барлық жөн-жоралғысымен беташар өткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Turkistan.tv арнасына сілтеме жасап. Корейлық арумен отау құрған жігіттің есімі - Сәкен. Ол Оңтүстік Корея елінде 5 жыл жұмыс істеген. Сәкен мен Сужин Кореяда танысып, кейін отбасын құруға бел буған. Екі жатың ата-анасы отбасын құруға қарсы болмаған. "Ата-анасын көріп, таныстым. Кейін рұқсатын алған соң елге алып келдім. Ал әйелім өзі корей тілін үйретті", - дейді Сәкен Бауыржан.Шетелдік ару қазақ жігітіне күйеуге шығып, Түркістан облысы Түлкібас ауданына келген. Оған ет асу және бауырсақ пісірудің қыр-сырын абысындары мен енесі үйретіп, көмектеседі. Сужиннің айтуынша, үйлену туралы ұсыныс жасағанда қатты қобалжыған. Өйткені ол қазақ тілін мүлдем білмейді. Ал енесі келінінің қазақ тілін меңгеруге деген ынтасы ерекше екенін айтады. "Шәй ішіңіздер" деп шақырады. 1-2 күн Шымкенттен барып келді, келгенде "апа" деп құшағын жая келе жатыр. Ондайда еріп кетемін. Кішкентай балаларды ойнатады. Қазақтың тағамына да үйренді. Сиыр сау деп айтқан жоқпын, әлі үйренер", - деді Нағима Мақұлбекова. Сужин үшін алғашқыда Түлкібастың ауа райына үйренісу қиын болған. Ол аптаптан басы ауырғанын айтады. Сужинге Қазақстанда әрі қарай тұру үшін рұқсат алу керек. Оның қайын атасы бұл мәселенің ұзаққа созылып кеткенін мәлімдеді. Оған елімізде 1 шілдеге дейін тұрақтауға рұқсат етілген."Келінімізге үйреніп қалдық, қимайды екенсіз. Сол туралы естіп қалсақ, көңіліміз түсіп қалады, келініміз кетіп қалатын сияқты. Бірақ құжат мәселесі әлі қиындау болып тұр. 2 ай өтсе де құжаты толық аяқталмады", - деді қайын атасы Бауыржан Мақұлбек. Сужин Ли - әулетке түскен алғашқы шетелдік келін. Дегенмен шаңырақ үлкендері басқа ұлдары да шетелдік қызбен отау құрғысы келсе, қарсы болмайтындарын айтты. Ал құжат мәселесі шешілсе, кореялық құдалар Қазақстанға келеді екен. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді