Журналист Айсұлтан Жақыпов әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы шахтада қаза тапқан кеншінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі."Марқұм Ақынжан Орақбаевтың соңғы жүктеген видеосы. Соңында қызы қалды. Келіншегінің аяғы ауыр екен... Марқұмның жаны жаннатта шалқысын!" - деп жазды журналист.Әлеуметтік желі қолданушылары бүкіл қазақтың қабырғасын қайыстырған жағдайға байланысты марқұмдардың отбасына көңіл айтқан."Қайран жерлесіміз.... Жап-жас, қыршынынан қиылып кете барды.... Келіншегі арыстандай ұл туып, ұрпағы жалғассын деп дұға жасайық....", "Өсиетін ақтарып кете барыпты, иманды болсын жарықтық", "Марқұмның жаны жәннатта болсын. Жап-жас жігіт, өмір сүретін-ақ шағы...", "Отбасы аман болсын", "Асыл азамат екен. Нұры пейіште шалқысын. Ұрпағы аман болсын", "Алла алдынан жарылқасын. Қаншама отбасы қан жұтты. Жақындарына сабыр берсін", - дейді олар.