Әнші Гүлнұр Оразымбетова анасының өзіне қандай кеңес беретінін айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында көпшілікке анасын көрсетті."Анашым! Кемпірдің қызымын ғой. Бірақ соңғы уақытта анамның бетінен сүйіп, құшақтап, еркелейтін болыппын. Өзі де бұрын "Қой", "Ары бар", "Енемнен ұят болар" деп шошитын. Ешкім жоқта құшақтап, сағынышымды басып алам. Үнемі "Келін болып түскен үйіңнің әңгімесін маған тасымаңдар. Ата-енеңді сыйлаңдар. Жолдасыңның жағдайын жаса. Алды-артыңды жиыстырып жүр. Дастарқаның әрқашанда жаюлы болсын. Келген қонағыңа күліп отырып, шайыңды құй" деп айтады. Менде ұлдар болған соң, "Әке мен ұл баланың арасына түспе. Оларға темірдей тәртіп керек. Араласпа" дейді. Барлық сөзі орынды. Ата-ана баласына тек жақсы болсын дейді ғой", - деп жазды Гүлнұр Оразымбетова. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 46 жастағы Гүлнұр Оразымбетова жас көрінуінің құпиясын бөліскен болатын.