Кенияда христиандық секта өкілінің уағызына еріп, аштан өлгендер саны 73 адамға жетті,-деп жазады Қазақстан Телеарнасы. Олардың мәйіті елдің шығысындағы орманнан қайта қазылып алынды. 33 адам тірі қалған. Марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін. Жергілікті полицияның мәліметінше, 112 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен.Секта жетекшісі Пол Маккензи 14 сыбайласымен бірге тұтқындалды.Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, ол адамдардың санасына «тамақ ішпей өлсең, жұмаққа барасың» деген ұғымды сіңірген. Кениялық БАҚ-тың хабарлауынша, қамауда отырған Маккензидің өзі де тамақ пен судан бас тартып отыр.Полицияға бұл істі тергеу үшін 14 күн мерзім берілген.